Сырда туған сырбаз ақын

Алғы сөз 
Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді. Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды
Туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі Әбділдә Тәжібаевқа арналған "Сырда туған сырбаз ақын" атты топтаманы ұсынамыз!
Топтаманың мақсаты-   поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақынӘ.Тәжібаевтың қайталанбас шығармаларын оқырмандарға  дәріптеу.

Сырда туған сырбаз ақынТоптаманың "Өмірдерек" бөлімінен ақынның өмірбаянымен таныса аласыздар.
"Шығармалары" атты бөлімінде  жазушының 1933-2007 жылдар аралығында жарық көрген кітаптары, Ә.Тәжібаевтың құрастыруымен және редакциялауымен шыққан кітаптар, аударламалар, өлеңдері мен әңгімелері шыққан жинақтар енгізілді.
Кітапханада ашылған «Тәжібаев мұражайы» ақынның қолданған өзінің қолы тиген көптеген  тұрмыстық  жәдігерлерімен және өмірдерек-қолжазбаларымен, әдеби кітаптарымен толығып, өзіндік құнды бай ақын мұраларымен көз тартып тұр.  
Әбділдә  ақынның дүниеден озғанына біршама уақыт өтсе де, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыратын  жәдігерлер мен қолжазбалар, кейінгілер үшін баға жетпес құнды дүниелер екені даусыз.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде «Тәжібаев оқуларын» өткізіп келеді.Бұл бөлімде әр жылдары өткізілген іс –шаралар жайлы мағлұмат ала аласыздар.
 «Алып анадан туады» бөлімінде Сыр топырағында дүниеге келіп, Әбділдәдай адуынды ақынды  туған, ақын, аналардың анасы Айманкүл Тәжібаеваның шығармашылығы жайлы сөз болады.
22 желтоксан 2014 ж. 12:41
201 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: