Бір ел-бір кітап

«Бір ел, бір кітап» акциясы


    "Бір ел-бір кітап"республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2016 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау мақсатында Ұлттық академиялық кітапханасында бас қосты. Еліміздің белгілі ғалымдары мен ақын-жазушылары, облыс кітапханаларының басшылары қатысқан отырыста жабық дауыс нәтижесі бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз –Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы жыл бойы оқылатын болды.

Дулат Бабатайұлы– ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын.

 

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Ақын өлеңдерінің тілі суретті, көркемдігі терең, тәрбиелік мәні зор.

"Ұлы ақынның өзі айтқандай сөз ұғатын, ой қадірлейтін әр адамның таным көкжиегін кеңейтуге ат салысар қадау-қадау ой түйіндері Дулат Бабатайұлының өмір таным толғамдары арқылы ұлттық қана емес, жалпыадамзаттық биіктіктен үн қатады. Егер философияны даналықты сүю деп түсінер болсақ, онда Дулат өлеңдері тереңінде тұнып жатқан тағылымды көзқарастар өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де ұлттық танымды жете зерделеуге жол ашатын дәйекті дәнекер, байыпты байлам, тұғырлы тұжырымдар деп бағалауға әбден лайық"

халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын.
     Барша қала тұрғындарын Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!
  
     Дулат Бабатайұлы "Өсиетнама" кітабына буктрейлер


 

 

      «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комиссиясының шешімі бойынша 2015 жылы жалпыхалықтық оқуға І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды.

     Аса көрнекті жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Көшпенділер» трилогиясын насихаттау мақсатында жыл көлемінде Қызылорда облысы кітапханалары бойынша атқарылатын шаралар жоспары бекітіліп, насихат жұмыстары басталды.
     «Көшпенділер» трилогиясының алтын желісі, негізгі өзегі - қазақ халқының саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту болды. Кітап 3 млн данамен 50 реттен аса шығарылып жарық көрген, әлемнің 30 тіліне аударылған бұл шығарма уақыт өткен сайын тарихи құндылығымен биікке көтерілуде. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кезеңімен тұспа-тұс келген кезеңде «Көшпенділер» тарихи шығармасын ел болып оқып, танысып, талқылаудың жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
        Барша қауымды І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын жаппай оқуға шақырамыз!

    Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  балалар әдебиеті бөлімі өз оқырмандарын жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын   оқуға шақырады.  Наурыз айынан бастап «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонының басталғанын жариялаймыз,  қорытындысы қыркүйек айында шығады.
  «Кітап марафонының» жеңімпаздары «Кітапқұмар», «Ең үздік ұйымдастырушы», «Ең көп оқыған  сынып», «Ең көп окыған  мектеп», «Ең үздік эссе»  т.б. номинациялармен марапатталады. 
   «Оқы, талқыла, ұсын...»- «Прочитай, расскажи, передай...»-кітап марафонына»  қатысыңыздар!
    


 




 

  
22 желтоксан 2014 ж. 12:41
32 қарау