ҚОДАР ӘУЕЗХАН 1958 жылы 12 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы совхозында дүниеге келді. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1982–1985 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомының жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, заңгер. 1985 жылдан бері республикалық және одақтық баспасөзде жариялана бастайды.
1986 жылы республикалық шығармашылық жастар «Жігер» фестивалінің лауреаты.
1989–1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакциялық Бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылдан бері Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті. 1995–1997 жж. М.О.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының көркемдік кеңесінің мүшесі.
1997–1998 жж. Неміс театр академиясында философия тарихынан сабақ береді. 1999 жылдан бері «Тамыр» журналының бас редакторы.
1999–2001 жж. Сорос–Қазақстан халықаралық қорының Басқарма мүшесі. Философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақ және орыс тілінде жазады. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Аттила» драмасын, М.Хайдеггер мен Х.Гасеттің философиялық жұмыстарын, К.Швиттерстің өлеңдерін аударған. «Батыс философиясы антологиясының» авторы және ұйымдастырушысы.
«Астана» медалімен марапатталған (1998), «Парасат» орденінің иегері (2006).
Əдебиеттер:
Қодар Ə. Қанағат қағанаты: Өлеңдер жəне ойтолғаулар жинағы / Ə.Қодар. - Алматы: Шабыт", 1994.- 111 б. Қодар Əуезхан //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 326 б. Қодар Əуезхан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 235-236 б. Қодар Əуезхан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 185 б. Қодар Əуезхан //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 313 б. Амантай Д. Көшпелi жауынгер ақын: [Қазақ жаугершiлiк дəуiрiнiң тұяғы Əуезхан Қодар жырау жайында айтылған көне жазбалардан] // Жас Алаш.-1998.- 16 желтоқсан Əуезхан əлемі: Əуезхан Қодардың "Жазық дала ілімі" атты монографиясы жайлы // Алматы ақшамы.- 2003.- 13 мамыр Бұлұтай М. Дінім ислам, тəңірім - аллаһ, қай ата-бабамыз тəңіршілікті ұстапеді?: Ə.Қодардың дін туралы айтқандарына қарсыпікір / М.Бұлұтай // Қазақ əдебиеті.- 2008.-11 қаңтар.-12 б. Елубай О. Жазушымен дидарласты: Өскеменде жазушы, драматург, мəдениеттанушы, аудармашы , философия ғыл. канд., Қаз. Жазушылар одағының мүшесі , Парасат" орденінің иегері Əуезхан Қодармен кездесу өтті / О.Елубай //Егемен Қазақстан.- 2009. - 6 қазан Қодар Ə. Дəстүрлі дүниетанымымыздан ажырамағанымыз жөн: Мəдениеттану жəне өнер институтының директоры Ə.Қодармен сұхбат /Сұхб. Р.Рахымқызы // Жас Алаш. - 2007. - 18 қазан Қодар Ə. Жетi таудан аспасақ...: [Ақын,жазушы, аудармашының сухбаты / Əңг. Т.Жақып, А.Кiрқабақов] // Денсаулық. - 1996.- N11. - 22-24 б. Қодар Ə. Маған қазақы орта жат боп кетті. Мəдениеттанушы Ə.Қодармен əңгіме /Əңг. А.Аханбайқызы //Айқын. – 2005. – 16 шілде Оңғарсынова Ф. Талантты тiрiсiнде қадiрлей алсақ...: Əуезхан Қодардың өлеңдерi туралы // Қазақ əдебиетi. - 2007.- 28 қыркүйек - 4 қазан (N39). - 8 б. Смағұлқызы Т. "Мен түс пен қиялдың ортасында өмiр сүрдiм": Мəдениеттанушы, аудармашы, əдебиетшi Ə.Қодар туралы // Заң газетi.- 2006. - 28 желтоқсан.- 11 б. Тарази Ш. Қодар қодаңдап жүр дей ме?: Мəдениеттанушы Əуезхан Қодар туралы / Ш.Тарази // Мəдениет. - 2011. - №9. - 19-20 б. Толқынқызы Т. Қос тілде жазатын ақын: Ақын, аудармашы, мəдениеттанушы Əуезхан Қодар туралы /Т.Толқынқызы // Айқын. - 2007. - 6 қазан. - 5б. |