СЕРІКБАЕВ БАЙБОТА (Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы) 1954 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық өңіріндегі «Талап» ауылында (бұрынғы «Талап» кеңшары) туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін бітірген. Сол жылы оның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» («Таң шапағы» сериясымен) деген атпен жарық көрген. 1978–1988 жж. «Жалын» баспасында редактор, аға редактор болып қызмет атқарды. Бұдан кейін «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Ана тілі» мен «Қазақ елі» газеттерінде бөлім редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. 2001–2006 жж. «Жазушы» баспасында жетекші редактор болып қызмет еткен.
Өлеңдері, публицистикалық туындылары, ғылыми-танымдық мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, көптеген ұжымдық жинақтарға енген. «Тіршілік ұясы» атты кітабы үшін 1988 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Шетел ақындарының өлеңдері мен ежелгі түркі поэзиясын тәржімалауға ат салысты. Балалар әдебиетінен армян ақыны С.Капутикянның «Маша сурет салады» (А., «Жалын», 1983) және орыс ақыны Е.Благининаның «Шинельді неге сақтап жүрсің?» (А., «Жалын», 1985) атты кітаптарын қазақ тіліне аударды.
Əдебиеттер
Серікбаев Б. Гүлдерайым / Б.Серікбаев. - Алматы: Жалын, 1979.- 96 бет. Серікбаев Б. Жариям айдай: Өлеңдер, балладалар,поэмалар / Б.Серікбаев.- Алматы: Жалын,1992.- 288 бет. Серікбаев Б. Жұлдызым жоғары: Өлеңдер, балладалар, поэмалар / Б.Серікбаев.- Алматы: Жалын, 1981.- 88 бет. Серікбаев Б. Жүректің көзі ашылды: Өлеңдер, балладалар, поэма / Б.Серікбаев.- Алматы: Жазушы,1993.- 176 бет. Серікбайұлы Б.Қ. Сам жамыраған шақ:Өлеңдер жинағы. – Астана: Фолиант, 2001. – 292 б. – (Отырар кітапханасы) Серікбайұлы Б. Қ. Шығармалары: Екі томдық / Б.Серікбайұлы; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 408 б.- (Сырдария кітапханасы) Серікбаев Байбота //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 473 б Серікбаев Байбота//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 359 б. Серікбаев Байбота //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 281-282 б. Серікбаев Байбота// Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 561-562 б. Байбота Серікбаев //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 214б. Қайырбеков Ə. Мазасыз жүрек мақамы: Ақын Байбота Серікбаевтың «Жұлдызым жоғары» кітабы жайлы ой-толғам // Қайырбеков Ə. Саға:Эссе, əдеби-сын зерттеу, ой- толғам. – Астана: Фолиант, 2003. – 217-222 б. Сопыбеков А.Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 441 б. Əбдікəрімов С. Өзіңе аян менің саған құмарым...: Ақын Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы туралы //Алматы ақшамы. – 2004. – 1 мамыр Сарбалаұлы Б. Байботаның басты қыры: Ақын Байбота Серікбайұлы туралы /Б.Сарбалаұлы // Қазақ Елі.- 2006.- 22 наурыз |