АН ДОН ДЮ

     Ан Дон Дю 1898 жылы туған. Еңбек ардагері. 1930 – 1940 жылдары Шиелі ауданындағы «Авангард» ұжымшарында күріш егістік бригадасының бригадирі, 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағандыда шахтер болды. 1946 жылы Қызылорда облысындағы «Большевик» ұжымшарында күрішшілер звеносын басқарды. 1949 жылы Ан Дон Дю көлемі 6,2 гектар егісиіктен 81,5 центнерден күріш өсірді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1950 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен Ан Дон Дюге Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз медалі тапсырылды.

   Ан Дон Дюдің қол жеткен табысы қажырлы еңбектің, агротехникалық тәсілдерді меңгеріп, білімін табандылықпен жетілдіре берудің нәтижесі.

04 мамыр 2015 ж. 14:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: