KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚҰРЫМБЕКОВ СЕРДАЛЫ

    Құрымбеков Сердалы 1888 жылы Жаңақорған ауданы Талдысу ауылында дүниеге келген. Колхоздар ұйымдасқан кезден бастап «Талдысу» ауыл шаруашылық артелінде аға жылқышы болып істеді және өзінің өмірін колхоздың мал шаруашылығын өркендету ісіне арнады. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға сәйгілік жөнелтіп отырды.

      Тәжірибелі жылқышы 1945 жылы 50 биеден 50 құлын алды. 1947 жылы 52 биеден 52 құлын алды. Еңбегі жоғары бағаланып, СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылы 23 шілдесіндегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

      1948 жылы 11 қарашада қайтыс болды.

 

04 мамыр 2015 ж. 17:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: