ЖУРБА ИВАН МАКАРОВИЧ

    Журба Қостанай облысының Каменнобелоярское қыстағында 1915 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. 1922 жылы әке-шешесімен бірге Қызылордаға көшіп келеді, балалық шағын осында өткізеді. 1931 жылы мектепті мақтау грамотасымен бітіріп, кейін жол қатынасы техникумын, одан соң 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін үздік бітіреді. Соғыс басталар алдында Андижан қаласындағы әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылып, майданға жіберілген.

    Кіші лейтенант И.М.Журба неміс басқыншыларына қарсы соғыста ерекше ерлік пен батылдық, тапқырлық танытты.

    Иван Макаровичтің жауынгерлері Киев-Житомир тас жолын басып алды, Юрьевка қыстағы үшін ұрыста ол алты жауынгермен дұшпанның жүк автокөліктерін талқандап, жүзден астам фашистің көзін жойды, Трилис қыстағында өздерінен төрт есе көп солдаты бар фашистік бөлімшенің тас-талқанын шығарды.

    И.М.Журбаға осындай жауынгерлік ерлігі үшін КСРО Жогарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 3 маусымдағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Соғыстан кейін И.М.Журба Қызылорда қаласында жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталады. Журба 1962 жылы 12 шілдеде 47 жасында қайтыс болды. Қызылорданың үлкен көшелерінің бірі батыр атымен аталады.


08 мамыр 2015 ж. 12:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: