KITAPKHANA.KZ
kz ru

Ақдәулетова Қаракөз

    Ақдәулетова Қаракөз (3.3. 1956 ж. т., Сырдария ауданы Иіркөл а.) – әнші, ұстаз. Қазақстанның еңбек сіңірген артист (1996). Қызылорда педогогикалық институтын (1977), Алматы мемлекет консерваториясын (профессор Б.Төлегенованың класы бойынша) бітірген (1985). 1985 жылдан Қызылорда музыка училищесінде «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі. Ақәулетова тәжірибелі ұстаз. Ол басқаратын балалар студиясының шәкірттері дүниежүзінің Эстония (1996), Түркия (1997), Франция (1998), Армения (2000), Болгария (2000, 2005), Қырғызстан (2001), Ресей (2001), Америка (2003), т.б. елдерінде еткен өнер сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. «Super Star KZ» мегапроектісінің алғашқы жеңімпазы А.Кішкенбаевта Ақәулетованың шәкірті. Ақәулетова Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасымен (1997) және Президенттің алғысхатымен (2001) марапатталған.

28 мамыр 2015 ж. 16:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: