«Болашағың бұлыңғыр болмасын десең...» (Дөңгелек үстел)

      2016 жылдың 28 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында нашақорлыққа күрес «Болашағың бұлыңғыр болмасын десең...» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Жастарға денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау; денсаулық - адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін, оны бағалау білуді ұғындыру; нашақорлық індетінің зардаптары қаншалықты ауыр екенін түсіндіру.

      Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының тыныс-тіршілігімен және нашақорлыққа қарсы күреспен оның алдын алудағы жұмыс барысы нәтижесін баяндау мақсатында аталмыш мекеменің зиянды әдеттердің алдын алу жұмысының координаторы Махмутова Жамиля Ануаровна баяндама оқыды. Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманына Байбисенова Кенже «Салауатты өмір салты - бақытты өмірдің кепілі» деп, өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы екенін айта кетті.

    Жастарымыз нашақорлықтың негізгі белгілер, есірткі түрлері, есірткінің зияны, нашақорлықтың алдын алу туралы мағлұмат алды.

       Іс-шара барысында кең көлемді «Нашақорлық – қоғамдық дерт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 


 

28 сәуір 2016 ж. 17:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: