KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Кітап–қиындықтан шығар жол» тренинг

23 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап–қиындықтан шығар жол» атты тренинг ұйымдастырылды.
Мақсаты оқушыларды кітап оқуға тарту, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Шарада С.Сейфуллин атындағы  №4 ІТ мектеп –лицейінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрмағамбетова Ғалия Ботабайқызы Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған  мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушыларына кітап оқу арқылы қиындықты жеңу туралы  түрлі интеллетуалды ойындар ұйымдастырды. Кітапхана қызметкері  қорға жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттер мен бестселлер кітаптар тізімін оқырмандарға таныстырды.
Шара соңында қатысушылар  «Мен  оқыған  кітаптар»  атты кітап  көрмесімен танысты.
23 январь 2025 г. 16:22
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x