KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Кітаптар қалашығына шақырамыз»

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі  оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі арнаулы мектеп-интернат  оқушыларымен және тәрбиешілерімен түрлі шаралар өткізуде.
   24 маусым күні «Кітаптар қалашығына шақырамыз» жобасы  аясында Талсуат  елді мекеніндегі облыстық  балаларға арналған психоневрологиялық интернатынан  15 бала  кітапханаға саяхатқа келді.
  «Балдырғандар» залында дауыстап оқу  өткізілді, cурет салды, соңынан балалар «Бауырсақ», «Толағай», «Мақта қыз», «Құмырсқаның құйрығы неге айыр», «Маша және аю» мультфильмдерін тамашалады.

 



24 маусым 2015 ж. 15:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: