DataLife Engine > Жаңалықтар > «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» (Кітап көрмесі)

«Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» (Кітап көрмесі)


28-02-2019, 19:27
Автор: akbota

    28 ақпан  күні Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасында  1 наурыз- Алғыс айту күніне орай  «Өмірдің  мәні – татулық пен алғыста!»  атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты: Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім  саясатын  насихаттау.

    Екі бөлімнен құрылған  көрмеге 50-ден  аса әдебиет пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар мен суреттер қойылды.

 «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»  атты бірінші бөлім тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің тарихы   жайлы әдебиеттер қойылды.

    Екінші бөлім «Алғыс айту – игіліктін белгісі». Мұнда  жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, Қазақстанның өркендеуіне  өз үлестерін қоса білген 130 дан астам ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастары жайлы  және Қазақстан  халқын мәңгілікке біріктіруге  бағытталған « Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясының құндылықтарын  бағыттайтын  кітаптар  ұсынылды.

    Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын!



 

Вернуться назад