KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Туған жерім - Қазақстан» Облыстық эссе байқауының қорытындысы

             24 қыркүйек  күні облыстық  кітапханада  «Туған жерім– Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық эссе байқауының  қорытындысы болып өтті. Мақсаты - жас жеткіншектерді сөз саптауға, лексикалық сөздік қорын кеңейтуге, жүйелі ойлауға бейімдеу.
        Байқауға қала және аудан мектептерінің оқушылары қатысып бақ сынасты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып I дәрежелі дипломды Қызылорда қаласы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Берікбайқызы Бегім иеленсе, II дәрежелі дипломды «Baiterek school kz» жеке мектеп интернатының 8 сынып оқушысы Дюсен Кәусар мен Арал ауданы №82 орта мектептің 7 сынып оқушысы Жұмадин Нұрдана,  III дәрежелі диплом Сырдария ауданы  №210  О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Әділхан Нұртөре, Жалағаш ауданы №201 Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Мәди Орынбек, қалалық №173 Ә.Молдағұлова атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Бауыржан Константинге бұйырды. «Тіл шеберлігі» номинациясымен  Қармақшы ауданы Ақжар ауылы №28 мектептің 8 сынып оқушысы Бибітов Рамазан мен Қазалы аудандық  М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы Оразбай Әмина  марапатталды. Шара соңында қатысушылар естелік фотоға түсті.
24 қыркүйек 2024 ж. 12:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x