"Дидар" ақпараттық клубыКлуб мақсаты: «Дидар» ақпараттық клубының алға қойған мақсаты - мерзімді басылымдар секторының тұрақты аға буын оқырмандары мен жастар арасындағы ақпарат алмасу, басылымдардағы тың мақалаларды сөз талқыға салу, ақпарат көздеріне жедел талдау жасау,жоспарға сай бірлесе кештер өткізу. Клубтың міндеттері: –Адам болмысындағы қасиеттерді ашу, жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру , қайырымдылыққа, махаббатқа баулу. Отандық және шетелдік әдеби шығармалармен, мерзімдік басылымдардағы өзекті мақалалармен танысу, дарынды адамдармен кездесу; Жалпы ережелері «Дидар» ақпараттық клубы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құрылды, отырыстары да осы мекемеде өткізіледі. Клубтың ресми құжаттары Клуб жұмысын ұйымдастыру Клуб жұмысы. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жылдық жоспарындағы өзгерістерге сәйкес алдын ала құрылып, бекітілген. Клуб жұмысының ұстанымы Клуб жұмысының түрлері Баяндамаларды тыңдап, пікірталас жүргізу. Алдын ала ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық сәттер өткізу.
Жаңашыл көзқарастағы талантты, зияткерлік қабілеті жоғары, талғамы биік жастар мен орта жастағыларды мүшелікке қабылдау. Отырысқа жаңадан келген әр адам клубтың тұрақты мүшесі болып қалыптасады. Клуб қызметі мен жарғысына қызығушылық танытушы тұлға клубқа бірден қабылданады.
«Дидар» клубының 2018 жылғы жоспары
«Дидар» клубының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары
«Табысты адамдар – табысты ел» «Дидар» ақпараттық клубының отырысы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 29 қыркүйек күні «Дидар» ақпараттық клубының кезекті отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Табысты адамдар – табысты ел» тақырыбында өткен шарада бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық код, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы және «100 жаңа есім» жобасы талқыланды. Шараға өңіріміздегі «Сыр бойы»,«Ақмешіт апталығы»,«Халық», «Ақмешіт жастары» газеттерінің тілшілері мен «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің студенттері қатысты. Шара соңында ұлт көшбасшысының бұл бағдарламасы жастарға біраз қанат бітіргенінің куәсі болдық.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |