Тілім менің – тұтастығым, елдігімӨскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде 2016 жылдың 11 мамыр күні «Тілім менің- тұтастығым, елдігім» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Жас оқырмандардың тіл білуге деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Іс – шараға №264 мектеп лицейдің, №7 орта мектептің 5-6 сынып, №6 есту қабілеті нашар балаларға арналған түзету мектеп-интернатының және дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 1 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл, туған жер, Отан туралы өлеңдерді жатқа оқып, ән шырқап, би биледі. Залда «Тіл- алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |