«Ел рәміздері – ел рухы» /Лекция - концерт/2016 жылдың 4 маусым күні сағ. 11-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы және облыстық филармония қызметкерлері бірлесе отырып «Ел рәміздері – ел рухы» атты лекция - концерт ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтарда елдің әлеуметтік – экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Астана қаласы бойынша 4 маусым күні сағ. 12-00-де бір уақытта және барлық жерде Әнұран орындалуы ұйымдастырылды. Лекция – концерт қатысушылары - Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Әнұран орындады. Шарада «Жауқазын - ғұмыр» клубының мүшелері өлең оқып және облыстық филармония әншілері өз концерттік бағдарламасын көрермендеге ұсынды. Лекция - концерт соңында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің белгісі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды және келген қонақтарға кітапханаға экскурсия өткізіп, жаңадан кітапханаға 46 оқырман тіркелді.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |