Отан – сенің ата-анаңНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы бойынша қыркүйек айының 2-ші жексенбісі «Отбасы күні»болып бекітілген. Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты 9 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Отан – сенің ата-анаң» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Оқырмандарды елін, жерін құрметтеуге үйрету, Отанын, тарихын терең білу білімдерін арттыру мақсатында қосымша әдебиеттермен таныстыру, интеллектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аталмыш сурет көрмесіне №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп және №264 мектеп-лицей оқушылары, «Рауан» интеллектуалды клубының белсенді мүшелері қатысып өз жұмыстарын ұсынды. Сурет көрмесін кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, балабақша бүлдіршіндері тамашалады. Мектеп оқушылары алғыс хаттармен марапатталды. Соңында оқушылар «Отбасы – Отан тірегі» атты кітап көрмесімен танысты.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |