ӘБДІРАМАНОВА КҮЛӘНДА Әбдіраманова Күләнда 1920 жылы
қазіргі Сырдария ауданы Н.Ілиясов
ауылында туған.
Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). Орал қаласындағы ауыл
шаруашылық мамандарын
даярлайтын мектепті бітірген (1952). 1938-1948 жылдары Сырдария ауданындағы қазіргі Н.Ілиясов атындағы
академияда звено жетекшісі, 1952-1960 жылдары сол ауданындағы Ворошилов атындағы
ұжымшарда агроном болды. 1960 жылдан туған ауылында күріш егумен айналысып, 1948 жылы 18 га
егістіктен 34 центнерден бидай алды. Осы кезеңде бұл өте үлкен көрсеткіш, ірі
жеңіс болатын. Үкімет бұл еңбегін жоғары бағалап, 1949 жылдың мамырында Еңбек
Ері атағын берсе, басқа звено мүшелері де ордендермен марапатталған. Біраз
уақыттан кейін К.Әбдіраманова Қызылордаға көшіп келеді. Аяқ киім фабрикасында
жұмысшы болып орналасады. Ол мұнда да еңбектің озық үлгілерін көрсетіп,
кәсіподақ жұмысына белсене араласады. Кейіннен Қазақ ССР-ның 50 жылдығы
атындағы кеңшарда жұмыс істеп, жас жақаевшыларға К.Әбдіраманова бас-көз болып,
олардың жақсы дихан болуына ықпал ете білді. 1995 жылы Қызылорда қаласында
қайтыс болды.
|
Гости15
Роботы24
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 26 минут назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |