«Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл »«Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл » Дөңгелек үстел
2017 жылы 14 маусымда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Мәңгілік Ел идеясы –ұрпаққа ұлағат» атты жобасы бойынша «Мәңгілік Елдің негізгі тірегі –тіл » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Божанова ашып, «Ана тілдің мәртебесін көтеру-өз қолымызда» атты баяндама жасады. Ардагер ұстаз, ақын-Д.Торғаева, журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі -Н.Рахметова, бірлестіктің ынталы топ мүшесі – Қ.Мұхаметияров, ақын – Қ.Жәленова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішев тақырыпқа сай пікірлерін ортаға салып, ана тілдің күші мен құдіретін насихаттады. Мәдени шарада кітапхана жанынан құрылған «Жауқазын-ғұмыр» клубының мүшелері қатысып, А.Совет және Б.Күзембай тіл туралы өлеңдерін оқыды.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |