Жоба туралыБҰҰ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қызылорда облысына арналған бірлескен Бағдарламасы
Жоба мақсаты: Облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. Мақсатты топтар:· 1. Ауыл кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, оралмандар – өз жұмыстарын дамыту мәселесі бойынша; 2. Жұмыссыз жастар – жеке бас әлеуетін және ауылдағы жастар бастамасын дамыту үшін; 3. Ерекше санаттағы тұрғындар (мүгедектер, көпбалалы отбасылар т.с.с) – өмір сапасын жақсарту мақсатында электронды оқыту мен ақпаратқа қол жеткізу. Жобаның басты серіктесі: БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), ол компьютер, МФУ көбейту техникасынан құралған техникалық қолдау көрсетіп отыр. Өзге серіктестер: 1.Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; 2. Қызылорда облыстық БҰҰ Даму Бағдарламасы; 3. Жергілікті әкімдіктер – Интернет пайдаланымын ұйымдастыру және трафикті қаржыландыру;· 4.Жастар ісі жөніндегі басқарма – жұмыссыз жастар мен жас кәсіпкерлерге оқыту бағдарламаларын өткізу және кеңес беру;· 5. Аудандық кәсіпкерлік бөлімдер және бизнес-кеңесшілер;·
Атқарылатын жұмыстар 1. Мақсатты топтарды компьютер мен Интернет сауаттылығына, желілік қарым-қатынас жасауға, жедел хабарламамен алмасу бағдарламаларын т.б. пайдалануға оқыту; 2. Кәсіпкерлік, несие беру, субсидия т.б. мәселелер жөнінде семинарлар ұйымдастыру және кеңес беру; 3. Мемлекеттік онлайн қызметтер, электронды сандық қолтаңба алу, салықтық есеп тапсыру т.б. пайдалану бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізу; 4. Түрлі сала мамандары: бизнес-кеңесшілер, заңгерлер, несие ұйымдары мен қорлары өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу ұйымдастыру. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |