«Қалтай әлемі» атты танымдық сағатҚазақстанның Халық Жазушысы, драматург, публицист Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған «Қалтай әлемі» атты танымдық сағатта жазушының жеке кітапханасы таныстырылды. Шараның мақсаты - Қалтай Мұхамеджановтың өмір жолы мен өнер жолын насихаттау. Шығармаларынан үлгі боларлық адами қасиеттерді жастарға көрсету. Бұл шараға ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов, И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері және №1Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары қатысты. Жазушының өмір жолы мен шығармаларына шолу жасалынды. ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов «Ұлт мүддесінің күрескері» тақырыбында ізденістерін ортаға салды. №1Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі жазушының драматургиясы жайлы баяндама жасады. И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжінің мұғалімі Л.Шакиева студенттерімен шығармашылығы туралы пікірлерін ортаға салды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары: А. Абдиева, Қ.Абдиев және Л.Байкежеева жазушының кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. Ұстаз бен шәкірттің орындауында Балтабаева Айзат пен Сейтқали Бексұлтанның Қалтай Мұхамеджановқа Ә.Тәжібаев пен А.Тайтөлеудің арнауын оқыды. Шараның соңында жазушының кітаптарына шолу жасалынды.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |