"Қазақстан: кеше, бүгін, ертең" үштілді интеллектуалдық сайыс
2016 жылдың 8 желтоқсанында М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасының оқу залы секторының қызметкерлері 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты үштілді интеллектуалдық сайыс өткізді. Іс - шара мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің Үштұғырлы саясатын басшылыққа ала отырып,оқырмандардыңбілімділігін арттыру, Қазақстан туралы білімдерін шыңдау, еліне лайықты азамат ретінде қалыптастыруға үлес қосу. Дарынды жастардың шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту. Үштілді сайыс 6 турдан құралды: І. «Таныстыру»; ІІ. «Ой додасы» пікірлерін айту, жобаларын қорғау(ағылшын тілінде); III. Сергіту сәті. / Ойын ойнатылады; IV. Полиглот /Мақал-мәтел сайысы/; V. «Жорға» - Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады; VI. Тәуелсіз Қазақстанға «Ақ тілек». Сайысқа М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің шет тілі бөлімінің 2 курс студенттері қатысты. Шара соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |