«Оқимыз, ойнаймыз»! /Танымдық ойын-викторина/8 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балаларды ерте жастан оқуға баулып, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Бегім Ана» балабақшасы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Оқимыз, ойнаймыз» атты танымдық ойын-викторина өткізілді. Ойын алты бөлім бойынша ұйымдастырылып, балалардың білім нәтижесі, терең ойшылдығы, танымдық қызығушылығы сынға түсті. Ойын барысында «Сиқырлы сандық»- жұмбақтар, «Кітап туралы бәрін білемін»-спринт-викторина, «Тіл білгірі»-әдеби ойын, «Ертегі кейіпкерлерін көрсет»-импровизация ойыны, «Кейіпкерді тап» - викториналық ойыны, «Ертегіні құрастыр»-ойын-пазлы ойнатылып, мәдени шара соңынан бүлдіршіндерге «Оқы қызық», «Кітаппен бірге өсеміз» атты кітап көрмелеріндегі жаңа әдебиеттер таныстырылып, оқуға ұсынылды. Шара соңынан кішкентай оқырмандарымыз кітапханаға саяхат жасап, мультфильмдер тамашалады.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |