«Аралап жердің жүзін жүрер сөзім» атты жыр кеші

   2 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыстық белсенді ұзақ өмір орталығында ақын, аудармашы, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Аралап жердің жүзін жүрер сөзім» атты жыр кешін ұйымдастырды.   

   Айтулы шайыр, ұстаз, әйгілі «Шаһнаманы» қазақша сөйлеткен сыр сүлейінің шығармаларын Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің «Дәстүрлі өнер» кафедрасының және Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледж студенттері орындады.

    Ақын өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұғыры биік – Тұрмағамбет» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге шолу жасалып, орталық ем алушыларына таныстырылды.





 
02 маусым 2022 ж. 16:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: