«Тәуелсіз ел ұланымыз»- әдеби ертеңгілік24 ақпан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұланымыз» атты арналған әдеби ертеңгілік өткізді. Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыладың білімін кеңейту, ой-өрістерін дамыту, Қазақстан Республикасының өркендеуіне өз үлестерін қосатын ұрпақты тәрбиелеу. Оқушылар іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан жайында білімдерін нығайтып, Қазақстан елі туралы біраз мағлұматтар алды. Оқырмандар өз өнерлерін жұртшылыққа паш етті. Аталмыш іс-шараға № 3 мектеп-лицейдің 5 «Г» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар туған жер, Отан, Қазақстан, туған елімізге арналған қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады. Сонымен қатар шарада №140 орта мектептің «Ай-ару» би, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің, №264 мектеп-лицейдің оқушылары және №50 «Жұлдыз» балабақшасының бүлдіршіндері өнерлерін көрсетті. Ертеңгілік соңында оқырмандар «Тәуелсіз Қазақстан» залына саяхат жасады.
|
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |