«Қалтай әлемі» атты танымдық сағат

     Қазақстанның Халық Жазушысы, драматург, публицист Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған «Қалтай әлемі» атты танымдық сағатта жазушының жеке кітапханасы таныстырылды.

     Шараның мақсаты - Қалтай Мұхамеджановтың өмір жолы мен өнер жолын насихаттау. Шығармаларынан үлгі боларлық адами қасиеттерді жастарға көрсету.

    Бұл шараға ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов, И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжінің мұғалімдері мен студенттері және №1Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары қатысты. Жазушының өмір жолы мен шығармаларына шолу жасалынды. ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов «Ұлт мүддесінің күрескері» тақырыбында ізденістерін ортаға салды. №1Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі жазушының драматургиясы жайлы баяндама жасады. И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжінің мұғалімі Л.Шакиева студенттерімен шығармашылығы туралы пікірлерін ортаға салды.

    Кітапхананың тұрақты оқырмандары: А. Абдиева, Қ.Абдиев және Л.Байкежеева жазушының кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. Ұстаз бен шәкірттің орындауында Балтабаева Айзат пен Сейтқали Бексұлтанның Қалтай Мұхамеджановқа Ә.Тәжібаев пен А.Тайтөлеудің арнауын оқыды. Шараның соңында жазушының кітаптарына шолу жасалынды.

 

 


 



27 сәуір 2016 ж. 17:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: