«Ертегілер – бізде қонақта»Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қараша күні мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында «Ертегілер – бізде қонақта» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Мәдени шарада балаларға қуаныш сыйлауға №144 С. Әлжіков атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, әлем халық ертегілерінен қойылымдар қойды. Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты, №7 Арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілері қатысып, қойылымды тамашалады және олар да өз өнерлерін көрсетіп, ән салды және би биледі. Мәдени шара өте тартымды, қызықты болып өтті. |
Кітапхана тарихы
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |