8 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Отбасы күніне орай «Отбасы- бақыт мекені» атты отбасылық оқу ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары Серік, Сейтсұлтан, Ақылбек, Салмырзаевтар отбасы мүшелері қатысты. Балаларды кітап оқуға қызықтыру, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткен шарада оқырмандар өздерінің оқыған қызықты кітаптары пікір алмасып, танымдық-викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ оқырмандар логотерапевт С.Керімбайдың «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен шыққан туындылармен, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен танысты.