17 наурыз күні облыстық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Шараға облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің наиб имамы Рахат Қожанов қатысып қазақ халқының бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің алар орны туралы өз ойын білдірді. Мерекелік шарада наурыз мейрамына арналған көрініс қойылып, бата-тілек айтылып, кітапхананың өнерлі оқырмандары әсем әннен шашу шашып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.