27 сәуір күні облыстық кітапханада Алаш қозғалысының қайраткері, тарихшы, тілтанушы, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, шебер аудармашы Халел Досмұхамедовке арналған «Заңғар тұлға» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Халел Досмұхамедовтың өмірі мен өзектес жатқан өмірбаяны арқылы сол кезеңдегі қайраткердің қилы тағдырын оқырманға таныстыру, үлгі өнеге ету.
Шараға №271 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шакирова Жанат және №268 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімдері Нұрмаханова Улбазар және Садирсламова Гүлжаз қатысып «Азаттық аңсаған алаш», «Қоғамдық саяси өмірдегі орны» тақырыптарында баяндамалар оқыды.
Шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.