2 қараша күні облыстық кітапханада мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «Кім жылдам?» атты логикалық ойындар жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің интеллектуалдық ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, еркін ойлай алатын, өз ойын тез тұжырымдай білетін жеке тұлға қалыптастыру. Ойын: «Кім тапқыр?», «Логикалық есептер», «Мақал-мәтел сайысы», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын бірнеше кезеңдерден тұрды. Осы кезеңдерден сүрінбей өтіп, бәсекеде бағы басым түскен Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің «Ақиқат» тобы жеңіске жетті. Көрермен ретінде №282 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады.