17 сәуір күні облыстық кітапханада Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты–оқырмандарды тарихи-мәдени орындармен, ұлттық құнды жәдігерлермен таныстыру, оларды құрметтеуге, мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға баулу.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Б.Ахметбек, «Ақмешіт» музейі филиалының ғылыми қызметкері Г.Әубәкір және №257 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кеш қонақтары ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, тарихи ескерткіштері мен кесенелері, Қызылорда қаласындағы сәулет-өнер ескерткіштерінің тарихы, ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері ескерткіштерді қорғау және оны келешек ұрпаққа аманаттаудың маңызы туралы баяндады.
Оқырмандар назарына «Ескерткіштер-тарих куәсі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.