«Балалықтың жан жылуы – кітапта» /Кітапханаға саяхат/

    8 тамыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып,  кітапханаға тарту, ойлау дағдыларын қалыптастырып, дүниетанымын байыту мақсатында  «Атамекен» Отбасы үлгісіндегі  балалар ауылының тәрбиеленушілеріне саяхат ұйымдастырды.  

   Саяхат барысында балалар кітапхана бөлімдерімен танысып, адам өміріндегі  кітапхана мен кітаптың алатын орны, кітаптан, журналдардан, энциклопедиядан оқып білуге болатын  қызықты оқиғалар жайлы айтқан кітапханашының  сөзін балалар ықыласпен тыңдады. Балалар оқыған кітаптан алған әсері мен кітап  оқудың пайдасы жайлы ойларын ортаға салып, пікірлесті. Шара соңынан «Балалықтың жан жылуы – кітапта» танымдық викторина ойын өткізілді. Қатысушылар  танымдық энциклопедиялар және әлем елдері мен таңғажайыптар туралы түрлі – түсті безендірілген кітаптарды үлкен қызығушылықпен  қарап танысты.





 
08 тамыз 2018 ж. 18:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: