«Алтын Орданың құрылғанына - 750 жыл» кітап көрмесі

  6  маусым күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Алтын Орданың құрылғанына - 750 жыл»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Көрменің  мақсаты –  өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.

   Кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады. Атап айтқанда: «Ұлы Дала. Алтын Орда мемлекеті», «Алтын орда хандары», «Ұлытау -  Алтын Орда бесігі», «Алтын Орданың құлдырауы».

   «Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл» атты  кітап көрмесінде облыстық кітапхана қорынан Алтын Орда тарихы туралы, мемлекетінің құрылуын, дамуын, орда билеушілері жайында, Ұлытау жерін сипаттайтын және де күйреуін баяндайтын 140-тан астам кітаптар, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер қойылды.



 
06 маусым 2020 ж. 17:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: