ӘБДІРАЗАҚОВ БАЙЖІГІТ

    1928 жылы 12 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Түктібаев ауылында дүниеге келген. Қазақстанның  еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (1987). 1946 жылы Қазалы педагогикалық училищесін, 1959 жылы Қазақ  мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

    1946-1954 жж. ауылдық мектептерде мұғалім, 1959-1964 жж. аудандық «Социалистік жол» газетінде жауапты  хатшы, облыстық «Ленин жолы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1964-0990 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі  «Егемен Қазақстан») газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

    Алғашқы очерктер жинағы «Армандастар» деген атпен 1968 ж. жарық көрген. Кейін «Ерлік еңбек адамдары»  (1968), «Жаңару» (1970), «Дала жұлдыздары» (1970), «Сандалкөк» (1974), «Серпіліс» (1975), «Терең тамырлар»  (1983), «Сырдария тарландары» (1985), «Дала толғауы» (1990) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.  2007 жылы «Сырдария кітапханасының» құрамында Б.Әбдіразақовтың шығармалар жинағы шықты.
    Б.Әбдіразақовтың шығармаларында дәуір тынысы, замандас бейнесі, туған өлке тағдыры, сонымен қатар көркем туындыларында ауыл тіршілігі суреттелген. Өзі оқыған мектепке Б.Әбдіразақовтың есімі беріліп, Қызылорда қаласында тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылған.
 

Əдебиеттер:

  Əбдіразақов Б. Армандастар:Очерктер. – Алматы: Қазақстан, 1968. – 104 б. Əбдіразақов Б. Дала толғауы. – Алматы:Қайнар, 1990. – 290 б.

  Əбдіразақов Б. Жаңару. – Алматы: Қайнар, 1970. – 146 б.

  Əбдіразақов Б. Рухы күштілер: Очерктер жинағы. – Алматы:Қазақстан, 1982. – 224 б. – (Біз –совет халқымыз)

  Əбдіразақов Б. Сандалкөк: Əңгімелер жəне повесть. – Алматы: Жазушы, 1974. – 96 б. Əбдіразақов Б. Сыр саздары:Деректі əңгімелер /Б.Əбдіразақов.-Алматы: Жалын, 1980.- 88 б.- (Менің Қазақстаным)

 

  Əбдіразақов Б., Ертаев Қ. Сыр саңлақтары:Халық таланттары туралы деректі əңгімелер. – Алматы:Өнер, 1985. – 152 б.

  Əбдіразақов Б. Тосқауыл: Повестер мен əңгімелер. – Қызылорда: Тұмар, 2002. – 192 б. Əбдіразақов Б. Шығармалары:Екі томдық /Б.Əбдіразақов; Жауапты ред.

  Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2007. - (Сырдария кітапханасы)


* * *

  Əбдіразақов Байжігіт //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 65 б.

  Əбдіразақов Байжігіт //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 50 б.

  Əбдіразақов Байжігіт //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 42б.

 

  Əбдіразақов Байжігіт//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 23 б.

  Əбдіразақов Байжігіт //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:жазушы, 1987. – 56 б.

  Əбдіразақов Байжігіт //Сыр елі. Қызылорда облысы:Əнциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 126-127 б.

  Əбдіразақов Байжігіт //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 208 б.

  Əлішев Ə. Қарымы мол қаламгер: Жазушы, публицист Б.Əбдіразақов 60 жаста / Ə.Əлішев //Ленин жолы. – 1988. – 10 апрель

  Əлішев Ə. Туған жердің жыршысы //Ленин туы. – 1988. – 9 апрель Биетов Т. Жазушы туған аулында //Ленин туы. – 1988. – 21 июнь

  Боранбаев С. Төк теріңді халық үшін: Б.Əбдіразақовқа //Ленин туы. – 1988. – 21 июнь

  Ерасыл Қ. Тосқауыл: Журналист, жазушы Б.Əбдіразақовтың кітабынжарыққа шығарған ұлы Шаттық Əбдіразақов / Қ.Ерасыл // Сыр бойы.- 2002.-19 қыркүйек

  Уəлиев Ə. Еңбек адамдары туралы толғау: Б.Əбдіразақовтың «Ақ күріш зергерлері» атты очерк жинағына талдау //Ленин жолы. – 1986. – 12 декабрь
20 апрель 2015 г. 16:24
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: