ӘМІРЕҰЛЫ МАХМҰТБАЙ

     Махмұтбай Әміреұлы 1942 жылы 20 ақпанда Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында туған. 1964 жылы  Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет) бітірген.

     1964-1966 жылдары Шымкент облысының Ленин ауданында мұғалім, Қызылорда облыстық шығармашылық  үйінің әдіскері, 1967-1997 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, Сырдария аудандық  «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Сырдария аудандық партия комитетінде нұсқаушы,  саяси оқу кабинетінің меңгерушісі, «Сырдария» газетінің редакторы, облыстық кәсіподақтар кеңесі баспасөз  орталығының меңгерушісі, Сырдария ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін  атқарды. 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.

     Республикалық «Жалын» баспасынан «Жүзім бағы» (1976), «Қызыл жыңғыл» (1978), «Ақ сауле» (1984),  жергілікті баспадан «Сыр әндері» (1994), «Сыр жырлары» (2000), республикалық «Үш қиян» баспасынан  «Жылдар, жырлар» (2002), «Сыр әндері» (2007), «Сырдария-Жырдария» (2008), «Сыр мектебі» (2008) жыр  жинақтары жарық көрген. Ол «Қызылорда вальсі», «Қимаймын», «Шалқиды ән» және басқа 100-ге тарта ән мәтіндерінің авторы.

     М.Әміреұлы 1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Еңбектегі

ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сырдария ауданының және Қызылорда қала- сының құрметті азаматы.
 

Əдебиеттер:


   Əміреев М.Ақ сəуле: Өлеңдер, толғаулар. – Алматы:Жалын, 1984.- 280 б.Əміреев М. Жүзім бағы: Өлеңдер.- Алматы:Жалын, 1976.-68 б.

   Əміреұлы М. Жылдар,жырлар. – Алматы: Үш қиян, 2002.-208 б.

   Əміреев М. Қызыл жыңғыл: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1978.- 56 б. Əміреев М.Сыр əндері. – Қызылорда: 1994. – 38 б.

  Əміреұлы М. Сыр жырлары.Өлеңдер мен əндер жинағы. – Қызылорда: 2000. -78 б. Əміреұлы М.Сырдария-Жырдария./ Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. – Астана:

   Фолиант, 2008. – 352 б.- («Сырдария кітапханасы»)

   Əміреұлы М. Үш пірім; Əн; Қорқамын; Əділдік пен залымдық; Күндер-ай; Ауылға хат: Өлеңдер //Жүректегі жауһарлар.Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст. К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 35-39 б.

* * *

   Əміреев Махмұтбай //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 94 б.

 Əміреұлы Махмұтбай: [Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст.К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 35 б.

   Əміреұлы Махмұтбай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 68 б.

   Əміреұлы Махмұтбай //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 58 б.

   Əміреұлы Махмұтбай //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ. Аяған.- Алматы, 2005. – 141 б.

   Əміреұлы Махмұтбай //Иманғалиев С., Қыстаубаева З.Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 154 б.

   Дайрабай Т.Махмұтбай Əміреев //Дайрабай Т. Сыр перзенттері. – Алматы: Арыс, 2010. -189-190 б.

  Молдағалиев Т. Сырлы сезімді, сұлу тілді ақын // Əміреұлы М. Сырдария Жырдария./ Жауаптыред. Б.Кəрібозұлы. – Астана: Фолиант, 2008. – 5-7 б. – («Сырдария кітапханасы»)

   Рахымбекұлы Ə. Махмұтбайға:Өлең //Рахымбекұлы Ə. Ғұмырдария:Жыр кітабы. –

Астана: Фолиант, 2008. – 403 б. - («Сырдария кітапханасы»)

   Сопыбеков А. Махмұтбай Əміреұлы: Өлең // Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 178-179 б.-(Сырдария кітапханасы) Айтбайұлы Қ. Ақын əлемі: Ақын Махмұтбай Əміреұлы жайлы / Қ.Айтбайұлы //Сыр бойы.- 2012. - 28 қаңтар. - 6 б.

   Əміреұлы М. Мен қалай өлең жаздым?: Ақын Махмұтбай Əміреұлы жайлы / М.Əміреұлы // Сыр ардагері.- 2012. - 18 қаңтар. - 4 б.. Сыр бойы.- 2012. - 21 қаңтар. - 4 б.

  Əміреев М.Өскелең ұрпақ өрелі болса екен: [Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын М.Əміреевпен сұхбат / Сұхб. Ж.Сұлтанова] //Сыр бойы. – 2009. – 14 наурыз

   Əуезов Е. Ақынның қос кітабы: Алматыдағы "Арна" баспасынан белгілі ақын Махмұтбай Əміреұлының "Сыр елі", "Жеті белес" атты қос кітабы шықты / Е.Əуезов //Сыр бойы.- 2012. - 1 ақпан. - 6 б.

   Байдүйсенұлы М. Сыршыл ақынның жыр кеші: Ə.Тəжібаев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Махмұтбай Əміреұлының оқырмандармен кездесуі болып өтті / М.Байдүйсенұлы // Сыр ардагері.- 2012. - 4 сəуір. - 4 б.

  Балабайқызы Ж. Сырдың сыршыл ақыны: Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мəдениет үйі жəне №1кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Махмұтбай Əміреұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Сырдың сыршыл ақыны"атты кездесу кеші өтті / Ж.Балабайқызы // Сыр бойы.- 2012. – 23 ақпан. - 6 б.

  Батталова А. "Жырдариясы" əндариясымен өрілген: Н.Бекежанов атандағы обл. театрда ақын Махмұтбай Əміреұлының 70 жасқа толуына арналған кеш өтті / А.Батталова // Сыр ардагері.- 2012. - 16 мамыр. - 4 б.

   Дайрабай Т. Өзің де бір жыр секілді жігітсің..: Ақын Махмұтбай Əміреұлы жайлы / Т.Дайрабай // Тіршілік тынысы.- 2012. - 25 ақпан. - 2 б.

   «Жүзім бағы»жырлайды: [С.Майқанова атындағы Мəдениет үйінде ақын М.Əміреұлының шығармашылығына арналған кеш өтті] //Сыр бойы. – 2007. – 16 ақпан

   Қорасани Қ. Сыр мектебі: [М.Əміреұлының "Сыр мектебі»атты кітабы жарық көрді] //Сыр бойы. – 2008. – 21 маусым

   Смағұл Б. Сырдың сыршыл ақыны: Ақын Махмұтбай Əміреұлына арналған өлең / Б.Смағұл // Сыр ардагері.-2012. - 16 мамыр. - 4б.; Сыр мектебі.- 2012. – 16 мамыр. - 4 б.

   Ұзақбаев Б. Жырдариясы əндариясымен қатар шырқалған: [Ақын М.Əміреұлы60жаста] //Ақмешіт апталығы. – 2002. – 2 мамыр

   Шермұхаммедұлы З. Сырдың сыршыл ақыны: Ақын Махмұтбай Əміреұлы 70 жаста / З.Шермұхаммедұлы //Халық.- 2012. - 5 шілде. - 8 б.

 


20 апрель 2015 г. 16:56
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: