БАЙХОНОВ СЕРІК 1953 жылы 12 мамырда Қызылорда
облысы, Шиелі ауданының «Авангард» кеңшарында туған. 1976 жылы Қазақ
мемлекеттік университетін, 1980 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
Республикалық газеттер редакцияларында, «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс
істеді. 1990–1998 жж. Қазақ республикалық теледидарының Бас редакторы қызметін
атқарды. Қазір «Қазмырыш» ашық акционерлік қоғамында еңбек етеді.
Тұңғыш повесі «Жалғасым менің – жалғасым» 1973 жылы «Жалын» журналында жарық көрді. Шығармалары орыс тіліне аударылған. «Жігіттің сұлтаны», «Тайбурыл», «Сиқырлы қазан», «Қазақтың Қажымұқаны» республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты. Кәсіби саяхатшы ретінде «Сал үстіндегі маусым», «Аралға – араша», «Арналарға тіл бітсе», «Өсімдіктер желісіне саяхат», «Бетпақдала – шөл емес» экспедицияларын басқарған.
Əдебиеттер:
Байхонов С. Бетпақдала шөл емес. – Астана: Фолиант, 2003. – 272 б. Байхонов С.М. Ғажапстанға саяхат: Табиғат кітабы / С.М.Байхонов. - Алматы: Жазушы, 2003.- 360 б. Байхонов С. Жалғасым менің - жалғасым менің / С.Байхонов. - Алматы: Жалын, 1977.- 75 б. Байхонов С. Қос шатырлы үй: Повестер мен əңгімелер / С.Байхонов. - Алматы: Жалын, 1984.- 168 б. Байхонов С. Сал үстіндегі маусым: Документальды повесть / С.Байхонов.-Алматы: Жалын, 1988.- 288 бет. Байхонов С. Хикаяттар / С.Байхонов. - Алматы: Жазушы, 2007.- 288 бет.- (Қазіргі қазақ прозасы) Байхонов С. Шығармалары: Екі томдық. – Астана: Фолиант, *** Байхонов Серік Мүсілімұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 114 б. Байхонов Серік //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 84 б. Байхонов Серік //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 71б. Байхонов Серік //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 111 б. Байхонов С. Жүре берсең , көре бересің: Саяхатшы-жазушы Серік Байхоновпен əңгіме / Əңг. Б.Тоқанұлы // Түркістан.- 2011.- 6 қаңтар.-7- б. Байхонов С. Ұлт тəуелсіздігіне нұқсан келеді-ау деген тұста бір сəт компромиске барғаннан төмендеп қалмайтын шығармыз: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Ү.Айтөлен // Айқын. - 2006. - 30 қараша - 8-9б. Ақышев Н.Көзбен көріп, қолмен ұстап...: Серік Байхоновтың «Сал үстіндегі маусым» атты кітабына рецензия //Қазақ əдебиеті. – 1989. – 14 апрель – 7 б. Байбатыров Ғ. Жерұйығын тапқан жазушы немесе қазақ даласына Асан қайғы саяхатынан кейiнгi сапар: [С.Байхоновтың "Ғажапстанға саяхат" атты кiтабы жайында] // Қазақ əдебиетi.- 2002.- 16 тамыз (N33).- 8 б. Байбатыров Ғ. Жерұйығын тапқан жазушы немесе қазақ даласына Асанқайғы саяхатынанкейiнгi сапар : Жазушы С.Байхоновтың шығармашылығы хақында// Қазақ əдебиетi. - 2009. - 25 қыркүйек - 1 қазан (№41). - 11 б. Данабаев Қ. Шығарма шырайы – шындық:Серік Байхоновтың «Сал үстіндегі маусым» атты кітабына пікір //Ленин жолы. – 1990. – 17 мамыр "Құрметті азаматы" атанды: Белгілі жазушы Серік Байхонов Қызылорда облысы, Шиелі ауданының"Құрметті азаматы" атанды // Қазақ əдебиеті.- 2011. - 18 қараша.- 2 б.
|