ЕСІМСЕЙІТОВА ҚАРШЫҒА 1959 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Қызылжарма»
ауылдық округінің Коммунизм бөлімшесінде туған.
1976 жылы Қызылорда
қаласындағы № 43 мектепті бітіріп, сол жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» газетінде еңбек жолын бастаған. 1982 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін
бітірген.
«Қазақстан пионері»
(қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында
қызмет еткен. Қазір «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редакторы. «Таңбалы
тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай», «Сыр өңірінің тұлғалары» атты сериялы деректі
фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы тұңғыш
жарияланды.
1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1994 жылы «Аңсаған атамекенім» атты кітабы жарық көрді. 1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын жұлдызын» иеленген. Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2004).
Əдебиеттер: Есімсейітова Қаршыға:[Өмірбаяны] //Жүректегі жауһарлар. Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы / Құраст.К.Сағымбайұлы – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 72 б. Есімсейітова Қаршыға//Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 195 б. Есімсейітова Қаршыға //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 149-150 б. Есімсейітова Қаршыға //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 119 б. Байдрахманұлы Д. Қаршыға Есімсейітова: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 360 б. Жəленова Қ. Өлеңмен өрілген өмір: Ақын Қаршыға Есімсейітова туралы / Қ.Жəленова // Сыр бойы.- 2010.-16 қаңтар Садырбаева Д. Жауһар жырдың жазирасы: Ақын Қ.Есімсейітованың шығармашылығына арналған кеш А.Тоқмағамбетов атындағы мəдениет үйінде өтті / Д.Садырбаева // Сыр бойы.- 2009.-21 желтоқсан
|