ЖАНАЕВ НҰРХАН 1933 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария), С.Сейфуллин атындағы кеңшарда туған. 1955 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. Аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарғаннан кейін журналистік салаға ауысып, облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майдандық» газеттерінде қызмет істейді. 1958 жылдан бастап Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, телевидение, радио салаларында көп жылдар бойы белсенді қызмет атқарды. Қазір зейнеткер.
Алғашқы жырлары «Жас дәурен» (1961) атты жастар жинағына енген. «Жау, жау, жаңбыр» (1963), «Құстар ұшып келеді» (1967), «Жанымның жазирасы» (1972); «Әнші торғай» (1974); «Назқоңыр»(1976); «Дәмді палау»(1978), «Сыбдырлайды жапырақ» (1980), «Ақ көгершін» (1983), «Нұрлы аспан» (1984), «Дождик, дождик, поливай!» 1986), «Өмір өрнектері» (1990), «Қуанышты күн» (1993) жыр жинақтары жарық көрген.
Əдебиеттер: Жанаев Н. Жанымның жазирасы: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1972. – 64 б. Жанаев Н. Назқоңыр: Өлеңдер, толғау-дастандар. – Астана: Фолиант, 2009. – 376 б. – (Сырдария кітапханасы) Жанаев Н. Өмір өрнектері: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1990. – 96 б. Жанаев Нұрхан //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 203 б. Жанаев Нұрхан//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 157 б. Жанаев Нұрхан //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 124б. Жанаев Нұрхан //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 230 б. Жанаев Нұрхан//Сырдария (Тереңөзек) ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 121-122 б. Саттар А.Өлеңі талай жанды елеңдеткен: Ақын Нұрхан Жанаев 70жаста //Қазақстан сарбазы. – 2003. – 17 қаңтар (№4). – 8 б. |