KITAPKHANA.KZ
kz ru

ЖАНҒАЛИН МҰХТАР

   1910 жылы 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. 1932 жылы Қазақ  пединститутының тарих факультетін бітірген. 1955 жылы тарих ғылымы бойынша кандидаттық диссертация  қорғады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік Біріккен баспасының  директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының  меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің мұрағат басқармасы бастығы болды.
     Әдеби қызметін 30-шы жылдары қоғамдық-саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі  жылдары А.Н.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат»,  М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім»  мемуарын, соғыстан кейін Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін,  Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, Үнді жазушысы П.Чанданың «Тха хури құдығы» атты әңгімелер  жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін қазақ тіліне аударған.  
 

Əдебиеттер:


   Жанғалин Мұқтар Омарұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық- Алматы: «Аруна», 2005.- 205 б

  Жанғалин Мұқтар Омарұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- Т.3. – 533 б. Жанғалин Мұхтар //Қазақстан жазушылары / Құраст.С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы:Ан Арыс, 2009. – 160 б.

  Жанғалин Мұхтар //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 126 б.

  Жанғалин Мұхтар //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы:Жазушы, 1987. – 233-234 б.

  Жанғалин Мұхтар // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 220-221 б.


21 апрель 2015 г. 15:30
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x