KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚАНАЗ МОЛДАХМЕТ

     1942 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл стансасында дүниеге келген. 1963 жылы  Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген (1963). 
   1963–1967 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мұғалім, 1967-1969 жж. Аудандық «Ленин туы»  газетінде бөлім меңгерушісі, 1969-1974 жж. Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық кәсіподақ  комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978-1985 жж. «Жалын» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1992  жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан бас редакторы.
   Алғашқы шығармалары 1970 жылдан жариялана бастады.М.Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі,  замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар» (1973), «Жер кіндігі» (1975),  «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Свет далекого солнца» (1982), «Құм қойнау» (1984), Старая зимовка»  (1985), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Экспресс из полынной степи» (1989), «Жаңбырлы жаз» (1991), «Чика  – сын Дабыла» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа» (2001) атты кітаптары жарық көрген. «Ел  қорғаны ер Жәкем» (2007) (С.Қалуовпен бірге) атты жинақ құрастырып шығарды «Чика – Дабылдың баласы», «Жер кіндігі» повестері  жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған.
     «Қияндағы күн нұры» повесі грузин тіліне аударылды. В.Карповтың «Тірілей ұсталсын» романын, болгар жазушысы Е.Пелиннің  бірсыпыра әңгімелерін, И.Мелеевтің «Шатырұстар мырза» повесін, орыс жазушысы В.Распутиннің әңгімелерін тәржімелеген.
      «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық проблемалық зерттеу мақалалар жазды.
 

Əдебиеттер:


  Қаназов М. Армандай алыс жағалау: Əңгімелер мен повесть. – Алматы:Жалын, 1988. – 368 б.

  Қаназов М. Жаңбырлы жаз: Əңгімелер мен повестер. – Алматы:Жазушы,1991. – 448б.

  Қаназов М. Жер кіндігі; Бақыт қайда мекендер: Повестер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 144 б.

  Қаназов М. Қияндағы күн нұры: Повестер, ертегілер. – Алматы: Балауса,1993. – 255 б. Қаназов М. Құм қойнау: Повесть, əңгімелер. – Алматы: Жазушы,1984. – 320 б. – (Қазақ прозасының жаңа шығармалары)

 Қаназов М. Сонар: Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 104 б. Қаназов М. Чика – Дабылдың баласы: Повестер, ертегілер. – Алматы: Жазушы, 2003. – 240 б. – (Қазақ балалар əдебиетінің қазынасы)

  Қаназ М. Шығармалары: Екі томдық / М.Қаназ; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2009.- (Сырдария кітапханасы)

  Қаназ Молдахмет //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 313-314 б.

  Қаназ Молдахмет //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 227 б.

  Қаназ Молдахмет //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 179 б.

  Қаназов Молдахмет //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 339-340 б.

  Қаназ Молдахмет //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 293-294 б.

  Қаназ Молдахмет //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 208 б.

  Мəмесейітов І. Замандастың жан сыры: М.Қаназовтың» Құм қойнауы» повесі туралы //Уақыт жəне қаламгер: Əдеби-сын. 12 кітап. – Алматы, 1986. – 23-40 б.

  Ахмади Ж. Қайсар қаламды Қаназ: [Жазушы М.Қаназдың "Жанқожа" атты кiтабы туралы] // Жас Алаш.- 2002.- 21 ақпан (N 22).- 5 б.

  Əлжанов Т. Қаламгер қарымы: Қаламгер Молдахмет Қаназдың "Қарымды қалам əлемі" атты шығармашылық кеші жайлы / Т.Əлжанов. // Халық.- 2012. - 19 сəуір. – 5 б.

  Батталова А. Қаламгер құрметке бөленді: Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында белгілі жазушы Молдахмет Қаназдың 70 жасқа толған мерейтойына арналған "Қарымды қалам əлемі" атты шығармашылық кеші өтті / А.Батталова // Сыр бойы.- 2012. - 19 сəуір. - 2 б.

  Дəбей Ы. Ел кедей болса да, мейірімді еді..: Жазушы Молдахмет Қаназбен сұхбат /Ы.Дəбей. // Қазақ əдебиеті.- 2012. - 17 ақпан. - 7 б.

  Домбай Н. Мөлдіреп аққан өзендей..: Белгілі жазушы, аудармашы Молдахмет Қаназ туралы / Н.Домбай.// Ана тілі.- 2012. - 16 - 22 ақпан. - 8 б.

  Жұбатырұлы С. Асулардан асқан жол: Жазушы Молдахмет Қаназ жайлы/С.Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2012. - 3 наурыз. - 12 б.

  Жұмағалиұлы А. Өрелі өнеге, рухани үлгі: Жазушы Молдахмет Қаназ туралы / А.Жұмағалиұлы. // Айқын.- 2012. - 28 наурыз. - 5 б.

  Қаназ М. Прозаны жорнализм жайлап алды: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Д.Белдеубайұлы //Ана тілі. – 2002. – 7 наурыз

  Мəдібаева Қ. Өмір мен көркем шындықтың арасы...: Жазушы М.Қаназдың шығармашылық жолы //Жалын. – 1990. - №2. – 105-109 б.

  Мəкеналы Ж. Дария дарын: Қарымды қаламгер Молдахмет Қаназ туралы / Ж.Мəкеналы. // Алматыақшамы.- 2012. - 15 наурыз.- 24 - 25 б.; Қазақстан мұғалімі.- 2012. - 8 мамыр. - 11 б.

  Мұсаев А. Ой тегеурiнi өзгеше: Қаламгер М.Қаназ жайында // Жалын.- 2012. - № 3.- 42-48 б.

  Мұхаметқалиев Қ. Əлдеқашан айтылатын сөз: Жазушы Молдахмет Қаназов шығармашылығы туралы // Таң-Шолпан. - 2002. - N4.- 68-75 б.

  Нұржан-Балта Т. Қаламгер Қаназ: Жазушы Молдахмет Қаназ - 70 жаста / Т.Нұржан- Балта. // Толқын.- 2012. - 2 мамыр. - 3 б.


22 апрель 2015 г. 18:35
0 просмотров
Комментарии
1
Гость ЖАСАҚБАЙ 25 декабря 2020 16:02
Бекарыстан би туралы əңгімесі керек еді. Қайдан аламыз?
Цитировать         

комментариев публикаций
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x