KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ БАҒЫБЕК

      1926 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Сұлутөбе қыстағында туған. Театртанушы, педагог, өнертану доуторы (1996), профессор (1989). Ресей Табиғаттану академиясы Еуразия өнертану бөлімшесінің академигі (1996), Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері (1995). 
     А.Н.Островский атындағы Ташкенттің мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театртану факультетін (1955), Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын (1963) бітірген.  1955–1956 жж. Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1956–1958 жж. Жамбыл қаласындағы республикалық мәдени-ағарту училищесінде өнер тарихының оқытушысы болған. 1958 жылдан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, 1967 жылдан Қазақ мемлекеттік консерваториясында, Алматы көркемсурет училищесінде педагогикалық қызметтер атқарды. 1988 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, 1993-1999 жж. кафедра меңгерушісі.  
      Б.Құндақбайұлы негізінен, қазақтың театр өнері тарихын, оның қалыптасуы мен өсу мәселелерін, актерлер мен режиссерлер шығармашылығын, сондай-ақ облыстық театрлардың көркемдік ізденістерін зерттеумен айналысады.
      Б.Құндақбайұлының «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 40 жыл» (1966, К.Нұрпейісовпен бірге), «Режиссер және спектакль» (1971), «Путь театра» (1975), «Уақыт және театр» (1981), «Мұхтар Әуезов және театр» (1997), «Заман және театр өнері» (2001) кітаптары бар.
       М.Кәрімнің «Айгүл елінде», Б.Жәкиевтің «Ертең жаңа жыл», «Бәрі де ойыннан шықты», И.Экренің «Сау басыма – сақина», «Майор Тоот және басқалар», Лев Устиновтың «Таза жүрек» пьесаларын қазақ тіліне аударған. 
Қазақша, орысша мәдениет пен өнер терминологиялық сөздігінің жетекшісі әрі авторларының бірі. ІІІ томдық «Қазақ өнерінің тарихы». монографиясының театр бөлімін жазған. 
        Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
 
 

Əдебиеттер:


  Құндақбаев Б. Уақыт жəне театр: Зерттеулер мен мақалалар / Б.Құндақбаев.- Алматы: Өнер, 1981.- 328 бет.

  Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар / Б.Құндақбайұлы.- Алматы: Өнер, 2006.- 320 б.

  Дəулетұлы А. Бағыбек Құндақбайұлы //Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 101б.

  Құндақбайұлы Бағыбек //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 341 б.

 Құндақбайұлы Бағыбек //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған.– Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004.- Т.6. – 123б.

  Құндақбайұлы Бағыбек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 246-247 б.

  Құндақбаев Бағыбек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 194 б.

  Құндақбаев Бағыбек //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 361-362 б.

  Құндақбайұлы Бағыбек //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 332-333 б.

 Асабаев З. Айта алмай кеткен аманат: Мəдениет қайраткерi, өнертанушы-профессор Бағыбек Құндақбаевпен соңғы тiлдесу // Мəдениет.- 2010. - № 4. - 35-37 б.

  Аяшұлы Д. Ұлттық театр өнерінің ғұламасы: Өнертану ғылымының докторы, профессор, Сыр елініңперзенті Б.Құндақбайұлы 80 жаста /Д.Аяшұлы // Сыр бойы.-2007.- 28 қыркүйек

  Аяшұлы Д. Ұлттық театр өнерiнiң ғұламасы: Өнертану ғыл. д-ры., проф. Бағыбек Құндақбайұлының 80 жасқа келiп, Сыр елiмен жүздесуi.// Сыр бойы.- 2007. - 28 қыркүйек. - 1 б.

  Əбдiкəрiмов С. Құндақбайұлы Бағыбек: Театртанушы, өнертану докторы, Б.Құндақбайұлының өмiрi мен қызметi // Алматы ақшамы.- 2004.- 11 қараша (N128).- 3 б.

  Əлжанов Т. Ғалымға құрмет көрсетілді: Театртанушы, ғалым Б.Құндақбаев-80/ Т.Əлжанов // Халық.- 2007.- 11 қазан.-14б.

  Бағыбек Құндақбайұлы: Қазанама //Егемен Қазақстан.- 2010.- 22 қаңтар.- 9 б.

  Ергөбек Қ. Қайырымдылық : Ғалым, сыншы Б.Құндақбаев жайында үзiк сыр // Қазақ əдебиетi. - 2010. - 19 наурыз. - 15 б.

  Жуасбеков Е. Ғылымның сара жолында: [Театр сыншысы Б.Құндақбаев туралы] // Қазақ əдебиетi. - 1996. - 26 қараша (N48). - 13 б.

  Исламбаева З. Құндақбайұлынан құнды мұра: Өнертанушы-ғалым Б.Құндақбайұлы туралы // Театр.kz.- 2012. - № 6.- 64-69 б.

  Исламбаева З. Өмiрi де, өнерi де - өнеге // Айқын.- 2010.- 26 қаңтар (№ 11).- 5 б. Құндақбайұлы Б. Театр замана көшінен қалмауы керек: Театр сыншысы

  Б.Құндақбайұлымен сұхбат / Сұхб. Қ.Тоқтамұрат // Астана хабары.- 2006.- 24 маусым Қылышбаева Ұ. Тұғыры биiк тұлға едi // Мəдениет.- 2010. - № 4. - 38 б.

  Мұқан А. Салт шабыстың шаңы да көрінбейді: Театр сыншысы Б.Құндақбаев туралы / А.Мұқан // Ана тілі.- 2008.-28 ақпан

  Мұқан А. Сұлулық жайлы сыр: Б.Құндақбайұлының "Театр туралы толғаныстар" атты кiтабы жайында // Қазақ əдебиетi.- 2007. - 13-19 шiлде (N28).- 13 б.

  Мұхамедиұлы А. Театртану тарланы //Қазақ əдебиетi.- 2010.-22-28 қаңтар (№3).- 15б.

 Нұрпейiс Б. Театртану тарланы: Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, бiлiктi театр сыншысы, өнертану докторы, профессор Бағыбек Құндақбайұлы туралы // Егемен Қазақстан. - 2006.- 3 қараша.- 6 б.

  Нұрпейiсов К. Сахна өнерi жайлы салиқалы еңбек: [Профессор Бағыбек Құндақбайұлының "Заман жəне театр өнерi" атты еңбегi туралы] // Егемен Қазақстан.- 2002.- 3 желтоқсан (N281).- 3 б.

  Нұрпейiсова Б. Сарабдал сыншы: [Белгiлi театр сыншысы Б.Құндақбаев туралы] // Егемен Қазақстан.- 1996. - 7 желтоқсан

Обаев Е. Жайсаң жан едi // Қазақ əдебиетi.- 2010.- 22-28 қаңтар (№ 3).- 15 б. Пiрəлиева Г. Театртану тарланы //Қазақ əдебиетi.- 2011. - 2 - 8 желт. (№48). - 11б.

  Сауяев Н. Құндақбайұлының қайраткерлік еңбегі ескерусіз қалған емес: Театр сыншысы Бағыбек Құндақбайұлы 80 жаста / Н.Сауяев // Ақмешіт апталығы.- 2007.-4 қазан

  Сұлтанова Ж. Қазақтың тұңғыш театртанушысы: Профессор Бағыбек Құндақбаев туралы / Ж.Сұлтанова //Сыр бойы.- 2009.-20 наурыз

  Сұлтанова Ж. Сахнадағы өнердің сыры ешқашан кетпейді: Театр зерттеушісі Б.Құндақбаевпен сұхбат / Ж.Сұлтанова // Сыр бойы.- 2009.-13 маусым

  Сығай Ə. Сарабдал сыншы: [Белгiлi театр сыншысы Б.Құндақбаев туралы] // Түркiстан. - 1997. - 8-14 қаңтар

  Тұңғышбай əл-Тарази Сiз де сағынышқа айналдыңыз ба, сардар аға! //Қазақ əдебиетi.- 2010.- 22-28 қаңтар (№3).- 15 б.

  Ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым едi //Егемен Қазақстан.- 2010.- 22 қаңтар. - 9б.

  Шойынбет Ж. Театр өнерiн саралаған туынды: [Театртанушы-ғалым Б.Құндақбаевтың "Заман жəне театр өнерi" атты кiтабы туралы] //Қазақəдебиетi.- 2002.- 15 қараша (N46).- 10 б.

  Ысқақ Қ. Театр туралы жаңа кiтап: [Профессор Б.Құндақбаевтың "Заман жəне театр өнерi" атты кiтабы жайында] // Жас Алаш.- 2002.- 7 желтоқсан - 4б.


23 апрель 2015 г. 09:59
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x