KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚҰТТЫБАЕВ САНСЫЗБАЙ

    1947 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды елді мекенінде туған. Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітіріп, инженер-механик, кейін Өскемен жол-құрылыс институтында оқып, инженер-экономист мамандығын алған. Еңбек жолын 1970 жылы Қызылорданың Жөндеу-механикалық зауытында қатардағы технолог, конструктор қызметінен бастаған. Жас кезінен бастап-ақ цех бастығы болып ұжым басқарды, кейіннен өнімнің сапасын бақылау, техникалық бөлімдер бастығы және осы зауыттың Бас инженері қызметін атқарды.
     1980 жылы жеке шаруашылық–жылжымалы механикалық колоннаға, 1981–1985 жылдары Автокомбинат кәсіпорынына басшылық жасады. 1985 жылдан бастап Қызылорда облысының Автокөлік Бірлестігінің әуелі Бас инженері, ұжым бастығы болды. Қызылорда қалалық кеңесінің депутаты, кейін облыстық кеңеске Депутат болды. 1990 жылы Алматы қаласына ауыстырылып, Қазақстан Республикасының Көлік Министрілігінің Бас Басқармасының бастығы қызметін атқарған.
       1997 жылы ол «Жібек жолы» акционерлік қоғамының Президенті болып сайланды. Кейін Қазақстан үкіметі Республикадағы өзіне қарасты барлық облыс, қалалардағы 69 автотранспорт кәсіпорындарын біріктіріп, Мемлекеттік автокөлік Кәсіпорынын (РГАП) құрды. Осы үлкен құрылымға 1998 жылы Бас директор болып тағайындалды. 
       2004 жылы Ақтөбе қаласы Әкімінің орынбасары, 2005 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Әкімі, 2006 жылы осы облыстың Мәртөк ауданының Әкімі болып тағайындалды. 2007 жылдан Ақтөбе облыстық басқарма бастығы болып қызмет атқарды.
      Алғашқы шыға бастаған (1992ж.) шежірелердің бірі «Алты ата Әлім» кітабының авторларының бірі. Кейін оның «Бұйрат», «Ақ шағыл», «Ұшан теңіз, ұлы құм», «Қырық жол» атты төрт өлеңдер кітабы және «Ой өрімдері» атты нақыл сөздер жинағы жарық көрген. 2008 жылдың аяғында Қызылорда облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында 100 томдық «Сырдария кітапханасы» айдарымен шығармалары бір томдық болып жарыққа шықты.
     Техника ғылымдарының кандидаты, Петербургтағы Халықаралық Көлік Академиясының Академигі, Арал ауданының Құрметті азаматы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
 
 

Əдебиеттер:


  Құттыбаев С. Ақ шағыл: Жыр жинағы / С.Құттыбаев .- Алматы: Шартарап", 1998.- 208 бет.

  Құттыбаев С. Бұйрат: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Атхан, 1993. – 227 б.

  Құттыбаев С. Шығармалары / С.Құттыбаев; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 320 б.- (Сырдария кітапханасы)

  Құттыбаев Сансызбай //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева.

– Алматы: Ан Арыс, 2009. – 249 б.

  Əбішев С. Көкжал толқын мінезді азамат //Толқын. – 2010. – 15 мамыр

  Балқияұлы Н. Құм-бесiкте түлеген... // Түркiстан.- 2007.- 5 сəуiр (N 14).- 6 б.

  Жаманбаев А. Азамат ақын дауысы: Ақын Сансызбай Құттыбаев - 60 жаста // Сыр бойы.- 2007. - 23 мамыр. - 3 б.

 Құлпейiсова Г. Нақыл-сөздiң төресi...: Ал оңды-солды нақыл шығарушыларға не деймiз?: С.Құттыбайұлының "Ой өрiмдерi" кiтабындағы нақылдар туралы // Мəдениет.- 2006. - N3/4.- 33 б.

  Үсенқұлова С. Елін сүйген, елі сүйген..: Техника ғыл. канд., ақын С.Құттыбаев, жазушы А.Мекебаев Арал ауданындағы сапары / С.Үсенқұлова //Толқын. - 2011.- 28 мамыр


23 апрель 2015 г. 10:02
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x