ҚЫДЫРОВ ЖҮСІП

    18 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Талап ауылында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімшесін) бітіріп, баспасөз орындарында әр түрлі қызмет істеген. 1960–1966 жж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1966–1967 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының дубляж бөлімінде аға редактор, 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында «Жалын» баспасында аға редактор болды.

    Әдебиетке 60-жылдардың басынан бастап араласқан. Алғашқы бір топ өлеңі республика жас ақындарының «Жырға сапар» атты жинағында басылды. 1964 жылы «Тұңғыш кітап» атты алғашқы жинағы жарық көрді. «Таңғы сәт» (1966), «Жұлдыздарға жол» (1969), «Сәуір лебі» (1972), «Шынарым-шырайлым» (1974) толғау өлеңдері, «Гүлқайыр» (1976), «Жанартау – жүрек» (1978), «Жібек жел» (1981), «Мың бір түн» (1983), «Салтанатым, шеруім» (1985) атты таңдамалы өлеңдері мен поэмалары, «Үкілі домбыра» (1984) күй жинақтары жарық көрген. Шығыс поэзиясының жұлдыздары – Ә.Рудакидің, Ш.Хафиздің, И.К.Физулидің, сондай-ақ П.Б.Шелли мен А.Блоктың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

       «Мың бір күн» өлеңдер жинағы үшін 1984 жылы (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

 

 

Əдебиеттер:


  Қыдыров Ж. Ақ боз атты ақын: Поэмалар мен өлеңдер /Ж.Қыдыров; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 352 б.-(Сырдария кітапханасы)

  Қыдыров Ж. Гүлхайыр: Поэма жəне лирика. – Алматы: Жалын, 1976. – 111 б. Қыдыров Ж. Жайсаң жаз: Поэмалар, балладалар, өлеңдер / Ж.Қыдыров.- Алматы: Жазушы,1980.- 344 бет.

   Қыдыров Ж. Жұлдыздарға жол: Өлеңдер / Ж.Қыдыров.- Алматы:Жазушы, 1969.- 80бет.

   Қыдыров Ж. Жібек жел: Өлеңдер / Ж.Қыдыров.- Алматы: Жалын, 1981.- 168 бет. Қыдыров Ж. Құмыр бұлбұл: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1982. – 140 б.

   Қыдыров Ж. Мың бір күн / Ж.Қыдыров; Құраст. А.Қыдырова.- Астана: Фолиант, 2003.- 320б.- (Отырар кітапханасы)

   Қыдыров Ж. Мың бір күн: Махаббат кітабы / Ж.Қыдыров. - Алматы: Жалын,1983.- 264б.

   Қыдыров Ж. Нұр жаусын саған: Поэмалар, балладалар. – Алматы: Жазушы, 1971. – 88 б.

   Қыдыров Ж. Салтанатым, шеруім: Өлеңдер, толғаулар. 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 392 б.

  Қыдыров Ж. Сəуір лебі: Поэмалар / Ж.Қыдыров.- Алматы: Жазушы,1972.- 96 бет. Қыдыров Ж. Таңғы сəт: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы, 1966. – 77 б.

   Қыдыров Ж. Шынарым, шырайлым: Толғау / Ж.Қыдыров.- Алматы: Жазушы, 1974.- 152 бет.

  Қыдыров Ж. Ғашық ғұмыр: Ақынның 1981 жылы дыбыс таспасына өз аузынан жазып қалдырған ғұмырнамасы / Қағазғатүсiрген Б.Айнабеков // Жұлдыз.- 2004.-N 8.- 119-129 б.

   Қыдыров Ж. Ғашықтық ғұмырнамасы: [Қазақтың көрнектi ақын-композиторының 1981 ж. дыбыс жазу таспасына өз аузынан жазып қалдырған ғұмырнамасы / Ғұмырнаманы үнтаспаданқағазға түсiрген Б.Айнабеков] // Қазақ Елi. - 1998. - 20 наурыз, 3 сəуiр, 10 сəуiр

    Қыдыров Жүсіп Байболатұлы //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық- Алматы: «Аруна», 2005.- 344 б.

   Қыдыров Жүсіп Байболатұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2004.- Т.6. – 153б.

    Қыдыров Жүсіп //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 250 б.

   Қыдыров Жүсіп //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 196 б.

    Қыдыров Жүсіп //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 369-370 б.

    Қыдыров Жүсіп //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 335 б.

    Қыдыров Жүсіп //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 93 б.

    Жүсіп Байболатұлы Қыдыров //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл- Фараби, 1998. – 194-195 б.

   Абдрахманов С. Жүсіп Қыдыров //Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы. - Алматы: Раритет, 2007.- Т.1. – 463-464 б. - ("Алтын қор"кітапханасы)

   Ергөбек Қ. Махаббат – пірім, сенгенім...: Ақын Жүсіп Қыдыровтың шығармашылығы туралы //Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Астана: Таным, 2003. – 196-201 б.

    Кеңбейіл М. Махаббатты жырлау да мархабат!: Талантты лирик-ақын Жүсіп Қыдыров рухымен сырласу //Кеңбейіл М. Замандастар заңғары. – Алматы,2009. – 168- 178б.

    Сарбалаев Б. Жарық сəуле жасасын!: Ақын Жүсіп Қыдыровтың соңғы кітабы «Мың бір күн» хақында //Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі: Əдеби-сын мақалалар. – Алматы, 1992. – 202-216 б.; Сарбалаұлы Б. Бес мүшел: Əдеби эссе, сын мақалалар. – Алматы, 2009. – Т.2. – 64-79 б.

    Сопыбеков А. Жүсіп Байболатұлы Қыдыров //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 436-437 б.

    Сопыбеков А. Жүсіп Қыдыров: Өлең //Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 161-162 б.- (Сырдария кітапханасы)

    Айнабеков Б. Ақын рухына хат: [1997 ж. "Шартарап" баспасынан жарыққа шыққан ақын Ж.Қыдыровтың "Мың бiр күн" атты кiтабы туралы] // Жас Алаш.- 1997. - 26 маусым

    Айнабеков Б. "Жүргейсiңдер еске алып, пайғамбар аттас ақынды": Ақын Жүсiп Қыдыров жайлы естелiк - эссе // Заң газетi.- 2007.- 16 наурыз.- 4 б.; Жұлдыз.- 2008.- N 4.- 157-161 б.

    Айнабеков Б. Пайғамбар аттас ақын: Ақын-сазгер Жүсiп Қадыровтың туылғанына 70 жыл // Қазақ Елi.- 2007.- 27 маусым (N16/17).- 7 б.

    Айнабеков Қ. Iздеушiсi болмас: ер де жетiм, ел де жетiм...: Ақын Жүсiп Қыдыров жайлы //Айқын.- 2012. - 1 наурыз (№ 41). - 30 б.

    Айсынов Б. «Тұңғышпен» түлеген Жүсекем: Ақын Жүсіп Қыдыровтың шығармашылығы жайлы //Сыр бойы. – 1994. – 30 қараша

   Алдамжаров Б. Сырбаз жанды өлеңдер: [Қазақ поэзиясына еркiндей кiрген бiр топ шайырдың бiрi Ж.Қыдыров туралы] // Қазақ Елi.- 2003.- тамыз (N23).- 7 б.

    Бейсебаев И. Өмір əуендері: Ж.Қыдыровтың «Жібек жел» жыр жинағы жайлы //Қазақ əдебиеті. – 1982. – 29 янв.

    Бердібаев Р. Сырлы сезім: Ж.Қыдыровтың «Мың бір түн» кітабы //Соц. Қазақстан. – 1983. – 7 окт.

    Досжан Д. Поэзия гладиаторы (Жүсiп Қыдыров туралы сөз) // Парасат.- 1997.- N1.- 20-21 б.

    Дулатова Ж. Сазгер ақындыеске алды: [Əдебиетшiлер үйiнде таланттысазгер əрi ақын Жүсiп Қыдыровтың 60 ж. мерейтоына орай өткен еске алу кешi туралы] // Қазақ əдебиетi. - 1998. - 27 наурыз (N12). - 3 б.

    Ергөбек Қ. "Махаббат - пiрiм, сенгенiм..." / [Ақын Ж.Қыдыровтың шығармашылығы туралы] // Қазақ əдебиетi.- 1997.- 1 сəуiр (N13).- 15 б.

   Кеңбейiл М.Махаббат деп түсiндi мына əлемдi...: Талантты лирик-ақын Жүсiп Қыдыров рухымен сырласу // Егемен Қазақстан.- 2007.- 14 наурыз (N 66).- 6 б.

    Кекiлбаев Ə. Елгезек жыр: [Ж.Қыдыровтың "Таңғы сəт" (Алматы,1966 ж.) Өлеңдер мен поэмалар жинағына сын] // Қазақ əдебиетi.- 1966.- 30 сент.

    Қыдыров Ж. Ғұмырымның баяны: Ақын Ж.Қыдыровтың өз өмірбаяны туралы жазғаны / Ж.Қыдыров // Қазақ батырлары.- 2004. - N8.-тамыз

    Машақов С. Аңыз бен шындық: Ж.Қыдыровтың «Гүлқайыр» поэмасы жайлы //Қазақ əдебиеті. – 1976. – 5 нояб.

    Сарбалаев Б. Жүрек-жыр сəулелері: Ақын Жүсіп Қыдыров //Қазақ əдебиеті. – 1987. – 3 апрель (№14). – 12 б.

   Сахиев Ф. "Мың бiр күнмен" қайта дидарласқанда...: [Ақын Жүсiп Қыдыровтың "Мың бiр күн" атты өлеңдержинағы туралы] // Қазақ Елi.- 1997. - 28 қараша(N47). - 6 б.

    Сəрсенбаев О. Ақынның мың бiр күнi: [Ақын Ж.Қыдыровтың шығармашылығы туралы] // Қазақ Елi. - 1997. - 4 сəуiр (N13).- 4 б.

    Сопыбеков А. Тұғыры биік ақын //Сыр бойы. – 1987. – 14 май. – 3б.


23 апрель 2015 г. 10:06
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: