ОМАРОВ БАУЫРЖАН 1962 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында туған. 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1998 жылы Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін, 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
1986–1994 жж. республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994–1996 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да аға оқытушы, «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігінің бас редакторы болып қызмет атқарды. 1996–1997 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, 1997–1998 жж. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет істеді. 1998–2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ докторантурасында ғылыми жұмыспен айналысты. 2000–2003 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, қазақ әдебиетінің тарихы, ежелгі әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 2003–2006 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің төрағасы болды. 2006–2009 жылдары «Литер Меdіа» ЖШС-ның атқарушы директоры, «Астана хабары» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас директоры болып қызмет атқарды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, 2010-2011 жылдары Тілдер Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.
1993 жылы – кандидаттық, 2001 жылы докторлық диссертация қорғаған. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын, қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымын, ежелгі әдебиет мәселелерін зерттеді. Әдебиеттануға арналған бірқатар ғылыми мақалалары шетелдерде жарық көрген. 6 ғылыми-публицистикалық кітаптың, 70-ке жуық ғылыми мақаланың авторы. Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1990). БАҚ саласындағы Президент Грантының иегері.
Əдебиеттер:
Омарұлы Б. Буғауға бағынбаған жырлар. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 112 б. Омарұлы Б.Жұмыр жермен жүздесу. – Алматы: Ер-Дəулет, 1998. – 152 б. Омарұлы Б.Зар заман əдебиеті: Монография. – Астана:Елорда, 2005. – 372 б. Омаров Б.Ж. Қазақ əдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис,типология,поэтика): Филология ғыл. докт. дисс. автореф. / Б.Ж.Омаров.- Алматы, 2001.- 56 б. Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. – Алматы: Крамдс-Пресс, 1993. – 105 б. Омарұлы Бауыржан //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 409 б Омаров Бауыржан//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 305-306 б. Омарұлы Бауыржан //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 239-240 б. Омарұлы Бауыржан // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Басред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 405-406 б. Əріптестеріміздің абыройлы баспалдақтары: Б.Омаров Ақпарат жəне Мұрағат комитетінің төрағасы, Р.Отарбаев Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың директоры //Түркістан.- 2009.-28 мамыр.-6 б. Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Қызылорда облысы əкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды: Тағайындау //Сыр бойы.- 2008.-9ақпан Бауыржан Омаров-ақпарат жəне мұрағат комитетінің төрағасы: Мəдениет жəне ақпарат министрінің бұйрығымен тағайындау // Сыр бойы.- 2009.-15 мамыр.-1 б. Біздің Бауыржан - "Айқынның" бас редакторы: Журналист Бауыржан Омаров туралы //Астана хабары.- 2007. - 8 мамыр Дуанбай Ж. Бауыржан Омаров: Айтыс бəсекеге қаблетті өнер / Ж.Дуанбай//Айқын.- 2010.-12 наурыз Омаров Б. Қазақ журналистикасы төмен дей алмаймын: филолог. ғыл. докт. сұхбат / Қ. Қуатова // Алтын Орда.- 2002. - 5 шілде Раев Қ. Қазақ рухын аспандатқан поэзия: [Б.Омаровтың "Зар заман поэзиясы" атты монографиясы жайында] //Ана тiлi.- 2002.- 1 тамыз (N32).- 10 б.
|