KITAPKHANA.KZ
kz ru

ОСПАНОВ ӘБДІСАТТАР

      1941 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданы, «Ұялы» елді мекенінде дүниеге келген. 1973 жылы «Алматыөнеркәсіпқұрылыс» тресі Өндірістік жабдықтау басқармасы жоспарлау бөлімінің бастығы қызметінде жүріп, ҚазМУ-дің тарих факультетінің кешкі бөлімін сырттай оқып 1979 жылы бітіреді. Алматы жоғары экономикалық мектебін халықаралық насихатшы-экономист мамандығы бойынша тамамдайды. 1955 жылдан бастап өлеңдер жаза бастайды. «Өмір неткен тәтті едің…» кітабы (2000) мен «Жанқожа батыр», «Хан Сырлыбай» атты тарихи деректі романдары (2002) жарық көрді. Халықтық өнердің жанашыры ретінде 1987 жылы Жаңақорғанда Қазақстанның халық ақыны М.Көкенов атындағы, 1996 жылы Қазалы қаласында Нұртуған ақын атындағы ақын-жыршылар дайындайтын мектептер ашады.

      КСРО халықтары шығармашылығы ІІ фестивалінің лауреаты.
 
 

Əдебиеттер:


  Оспанов Ə. Адамдықтың арқалап ауыр жүгін...: Өлеңдер мен дастандар / Оспанов Ə.; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант,2009.- 392 б.- (Сырдария кітапханасы)

  Оспанов Ə. Жанқожа батыр: Аңыз бен ақиқат / Ə.Оспанов.- Алматы: Ғылым, 1992.- 272 бет.

  Оспанов Ə. Хан Сырлыбай: Тарихи роман / Ə.Оспанов.- Алматы: Маржан серіктестігі, 2001.- 320 бет.

  Оспанов Əбдісаттар //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 420 б

  Оспанов Əбдісаттар //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. –Алматы: Ан Арыс, 2009. – 315 б.

  Оспанов Əбдісаттар //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 246 б.

  Оспанов Əбдісаттар //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 211 б.

  Əшенова Қ.Халыққа ұнайтын туынды: Ə.Оспановтың «ХанСырлыбай» тарихи романы жайлы //Қазақ Елі. – 2003. – қаңтар (№1-2). – 12 б.

  Иманғалиұлы С. "Хан  Сырлыбай": [Қаламгер  Ə. Оспановтың "Хан Сырлыбай" романы жайында] // Жас Алаш.- 2002.- 7 желтоқсан (N 146).- 4 б.

  Қарымды қаламгер Əбдiсаттар Оспанов 70 жаста //Үш қоңыр.- 2011. - 5 қазан (№34). - 8 б.


23 апрель 2015 г. 14:09
0 просмотров
Комментарии
2
Жубатыров рашид 16 июля 2017 20:40
Кайдан алсам болады хан сырлыбай жанхожа батыр ды
Цитировать         

комментариев публикаций
Пользователь offline жасақбай 16 сентября 2020 12:23
Жанқожа батырдың екінші кітабы бар ма? Қайдан алуға болады.
Цитировать         

комментарий публикаций
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x