KITAPKHANA.KZ
kz ru

САРБАЛАЕВ БАҚЫТ

     1947 жылы 18 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында туған. Әкесі - Сарбалаев Тұрсын ұжымшар төрағасы, Тұрмыс қажетін өтеу комбинатының директоры болған. Анасы - Сарбалаева Ұлбазар үй шаруасымен айналысқан. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген (1969), қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 
      Алғашқы еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1970 жылы Алматы облысы Іле ауданында «Ильич жолы» газетінде, кейін «Қазақстан мұғалімі», 1974-1978 ж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде, 1978-1982 жж.  «Жалын» журналында, 1982-1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1990-1995 жж. «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «Қазақ елі» газетінің бас редакторы. 2007 жылдан - «Сын» әдеби-сын журналының бас редакторы. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төралқасының мүшесі. Әдеби сын кеңесінің төрағасы. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы.
   «Қызыл алма» (1981), «Ақиқат алдында» (1986), «Бейімбет Майлин» (1989), «Өткірдің жүзі» (1991), «ІлиясЖансүгіров» (1992), «Нұрлан» (2007), «Жиырма бес» (2008), «Көккесене» (2009) кітаптарының авторы, сондай-ақ 1 000-нан астам мақаланың авторы. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Көккесене» атты кітабы жарық көрді.
         Қазақстан Журналистер одағы (1992), Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының (1994) лауреаты.
 
 

Əдебиеттер


  Сарбалаев Бақыт. Ақиқат алдында: Əдеби-сын мақалалар / Б.Сарбалаев.- Алматы: Жазушы, 1986.- 216бет.

  Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин / Б.Сарбалаев.- Алматы: Мектеп, 1988.- 86б.

  Сарбалаұлы Б. Бес мүшел. 2- том. Əдеби эссе, сын мақалалар / Б.Сарбалаұлы.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.- 320 б.- (Наркескен)

  Сарбалаұлы Б. Жиырма бес. 1- том. Əдеби эссе, сын мақалалар / Б.Сарбалаұлы.- Алматы: Ан-Арыс, 2008.- 280 б.- (Наркескен)

 Сарбалаев Б. Көккесене: Публицистикалық, əдеби-сын мақалалар, сұхбаттар мен очерктер / Б.Сарбалаев; Жауапты ред. Б.Кəрбозұлы.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 бет.- (Сырдария кітапханасы)

  Сарбалаұлы Б. Нұрлан: Замандас хақындағы эссе-толғаныс / Б.Сарбалаұлы.- Алматы: Ан-Арыс,2007.- 136 б.

  Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі: Əдеби-сын мақалалар / Б.Сарбалаев.- Алматы:Жазушы, 1992.- 288бет.

  Сарбалаев Бақыт //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 455 б

  Сарбалаев Бақыт //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. Алматы: Ан Арыс, 2009. – 340 б.

  Сарбалаев Бақыт //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 266 б.

  Бақыт Сарбалаұлы //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 208б.

  Сарбалаев Бақыт // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 433 б.

  Байдрахманұлы Д. Бақыт Сарбалаұлы: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап:Отан деп соққан жүректер. – 168 б.

  Сəдібекұлы А. Тар шатқал жолы шырғалаң //Сəдібекұлы А. Дарияның тұмасынан жыр боратқан. – Алматы:Аrna-b, 2012. – 221-230 б.

  Сопыбеков А. Бақыт Сарбалаұлы //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 432-433 б.

  Сопыбеков А. Бақыт Сарбалаев: Өлең //Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар.- Астана: Фолиант, 2008.- 159 б. - (Сырдария кітапханасы)

  Шағырұлы Б. Бақыт Сарбалаевқа: Өлең //Шағырұлы Б. Қара шаңырақ: Өлеңдер, толғаулар, баллада мен дастандар.- Астана: Фолиант, 2009.- 88-89 б.- (Сырдария кітапханасы)Аян. Сана сəулесi: [ЖазушыБ.Сарбалаев туралы] // Егемен Қазақстан.- 1997. - 20 маусым

  Бибасарұлы А. Парасат биігінде: Əдебиетші сыншы Бақыт Сарбалаұлы туралы /А.Бибасарұлы // Жаңақорған тынысы.- 2007. - 5 желтоқсан

  Ергөбек Қ. Парасат белестерi: [Сыншы, баспагер-журналист Б.Сарбалаұлы туралы]// Заң газетi.- 1997. - 11 маусым (N24). - 5 б.

  Ергөбек Қ. Сынның сырлы семсері: Сыншы Б.Сарбалаұлы туралы / Қ.Ергөбек// Егемен Қазақстан.- 2008.-5 тамыз

  Рамазан Р. Сыншы сапары: [Сыншы Б.Сарбалаевтың еңбектерi туралы] // Алматы ақшамы. - 1997. - 23 маусым

  Сарбалаұлы Б. Ағаларымыздан бастап бəріміз ақиқатын айтатын кез келді: Сыншы- қаламгер Б.Сарбалаұлымен сұхбат/ Сұхб. Т. Тəшенов // Айқын.- 2007. - 13қазан

  Сарбалаев Б. Мен сынға қайта кірісемін: "Қазақ елі" газетінің бас редакторы Б.Сарбалаевпен əңгіме /Əңг.М.Жұмабай /Б.Сарбалаев // Ана тілі.- 2007. - мамырдың 17-і- 23-і (№20).-8 б.

  Сарбалаұлы Б. "Шындық та жөтел сияқты..": "Əдебиеттің əңгімесі" айдарының қонағы, сыншы Б.Сарбалаұлымен əңгіме /Əңг. С.Жексенбаев // Егемен Қазақстан.- 2010.-7 қыркүйек

  Сəдібекұлы А. Шатқал жолы шырғалаң:Көркем əдебиет сыншысы, жазушы Бақыт Сарбалаұлы-60 жаста/ А.Сəдібекұлы //Сыр бойы. - 2007. - 10 қараша; Жұлдыз. – 2008. - №7. – 136-140 б.

  Тəшен Т. Сында да ыстық сезім бар: Сыншы Б.Сарбалаұлы жайлы / Т.Тəшен //Айқын. - 2008. - 5 наурыз

  Туған жері түлегін төбеге көтерді: Сыншы, зерттеуші, қаламгер Б.Сарбалаұлы 60 жаста //Сыр бойы. - 2007. - 23 қараша



23 апрель 2015 г. 14:25
0 просмотров
Комментарии
1
Бурхан Қалымбетов 21 мая 2018 16:42
Бахыт аға.
Туған куніңіз құтты болсын, өмір-жасыңыз ұзақ болсын.

Сәлеммен ініңіз Бурхан. Ангрен қаласынан.

Цитировать         

комментариев публикаций
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x