KITAPKHANA.KZ
kz ru

СОПЫБЕКОВ АДЫРБЕК

     1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. 
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (1961) және Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген (1967). 
    1958–1961 жж. Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде жауапты хатшы, 1961-1963 жж. аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1963-1965 жж. Шиелі аудандық  «Өскен өңір» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1967–1985 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің редакторы, Жаңақорған аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, «Кітап» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанындағы Қазақстан Халық ақыны М.Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, 1990 жылдан осы өнер мектебінің директоры. 
    Бір топ өлеңдері «Қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1977), «Антология казахской детской поэзии» (1983) және «Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясына» (1992) енген. Өлеңдері орыс, беларус, өзбек тілдеріне аударылған. Сонымен қатар «Манаптың бір өзі – бір театр» атты зерттеу еңбегі жарияланған. Біраз өлеңдері бастауыш мектеп оқулықтарына енген.
       КСРО Жазушылар одағының Құрмет грамотасымен (1989), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен (1983), Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен (1991), Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1997), Қызылорда облыстық Мәслихатының Грамотасымен (1996) марапатталған. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі жетістіктері үшін» және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері. Жаңақорған кентінің Құрметті азаматы (1987), Қазақстанның Құрметті журналисі (2008). 
 
 

Əдебиеттер


   Сопыбеков А. Айналайын: Өлеңдер мен дастандар /А.Сопыбеков.- Алматы: Жазушы, 1997.- 176 бет.

   Сопыбеков А. Ақбаян: Поэма / А.Сопыбеков.- Шымкент:Ғасыр-Ш, 2006.- 40б.

   Сопыбеков А. Дөңгеленген дүние: Өлеңдер мен поэмалар / А.Сопыбеков; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 424 б.-(Сырдария кітапханасы)

   Сопыбеков А. Жаңақорған: тарихнама / А.Сопыбеков.- Шымкент: ЖШС "Кітап", 2008.- 648 б.

   Сопыбеков А.Күншуақ. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2001. – 216 б. – (Отырар кітапханасы)

   Сопыбеков А. Манаптың бір өзі - бір театр / А.Сопыбеков.- Алматы: Құс жолы, 2004.- 112 б.

   Сопыбеков А. Өнерім сіздерге / А.Сопыбеков.- Алматы, 2007.- 408 б.

   Сопыбеков А. Хорасан Ата-Бəйтерек: Тарихи поэма / А.Сопыбеков.- Шымкент: "Кітап" ЖШС баспасы, 2007.- 124б.

   Сопыбеков А. Шешілген жұмбақ: Өлеңдер мен мысалдар, ертегі мен жұмбақтар,аңыздар мен позмалар / А.Сопыбеков. - Алматы:Білім, 2011.-160 бет.: Суретті.

   Адырбек Сопыбеков: [Өмірбаяны, өлеңдері берілген] //Жүректегі жауһарлар: Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы. – Қызылорда: Алтын Орда, 2001. – 19-24 б.

   Сопыбеков Адырбек //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 367-368 б.

   Сопыбеков Адырбек //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 289 б.

   Сопыбеков Адырбек //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы: Əл-Фараби, 1998. – 210-212 б.

   Сопыбеков Адырбек //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 449-450 б.

   Айнабеков Б. Періште мінезді балалар ақыны: Адырбек Сопыбековпен болған үш күн / Б.Айнабеков //Қазақ елі.- 2011. - 21 сəуір. - 4 - 5 б.; Жұлдыз.- 2011. - №4. - 172 - 179 б.; Ана тілі.- 2011. - 17 - 30 наурыз. - 13 б.

   Байдрахманұлы Д. Адырбек Сопыбеков: Өлең //Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап: Отан деп соққан жүректер. – 145 б.

   Елтай Н. "Айға сапар" əлі жалғасады: Қызылорда облысының "Құрметті қайраткері", ақын А.Сопыбековтың шығармашылығы жайында / Н.Елтай // Сыр бойы.-2007. - 12 қыркүйек

   Елтай Н. Академиктің демеушілігі: Ғалым С.Сартаев ақын А.Сопыбековтің "Өнерім Сіздерге" атты кітабының жарық көруіне демеушілік жасады / Н.Елтай // Сыр бойы.- 2008.-18 маусым.-2 б.

   Ертасов Қ. Адырбек - бала тілін тапқан ақын: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Адырбек Сопыбековтың "Білім" баспасынан балаларға арналған "Шешілген жұмбақ" атты кітабы жарықкөрді / Қ.Ертасов //Жаңақорған тынысы.- 2011. - 8 қазан.- 3 б.

   Ертасов Қ. Адырбектің поэмасы антологияда: Қазақ балалар поэмасының антологиясына балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың поэмасы енді / Қ.Ертасов //Жаңақорған тынысы.- 2012. - 30 маусым. - 3 б.

   Жаңақорған ауданында тұратын Қазақстан Журналистер одағының мүшелері // Қазақ елі.- 2003.- қараша (N37-38).-5б.

   Жүрсін Қ. Ақтарылған жырлары көмейінен..: Ақын Адырбек Сопыбеков туралы / Қ.Жүрсін // Жаңақорған тынысы.- 2005. - 1 қараша

   Қалдыбекова Н. Қаламы қарымды қаламгер:Балалар ақыны АдырбекСопыбековке арналған жыр кеші / Н.Қалдыбекова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2012. - №1. - 24 - 28 б.

   Қожаберген Ж. Дөңгеленген дүние: А.Сопыбековтың жыр жинағы туралы //Сыр бойы. – 2010. – 2 маусым

   Құрманаев С. Ақын ол- жаны жас қартаймайтын: Ақын-жазушы А.Сопыбеков 70 жаста / С.Құрманаев //Өскен өркен.- 2007.-5 қыркүйек

   Мырзаханов А. Ақын Адырбек Сопыбеков аталарың 75 жаста: Кездесу кеш сценарийі //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2012. - №5. – 42-46 б.

   Оралбаева Ж. Ақынға көрсетілген құрмет: Ə.Тəжібаев атындағы облыстық əмбебеп-ғылыми кітапханасы балалар əдебиеті бөлімінің ұйымдастыруымен "Балалардың сүйікті ақыны" атты кеш өткізілді / Ж.Оралбаева // Сыр бойы.-2011. - 13 сəуір. - 4 б.

   Оспан С. Күншуақ:Балалар ақыны А.Сопыбеков туралы //Жас Алаш. – 2003. – 30 желт.

   Өлеңінен керемет сыр төгілген: Ə.Тəжібаев атындағы обл. кітапханада "Кітап- сарқылмас рухани əлем" атты кітап апталығы өтіп, балалар ақыны А.Сопыбеков пен сатирик ақын Жанұзақ Қожабергеновтермен кездесу кеші ұйымдастырылды //Сыр бойы.- 2007. - 25 сəуір

   Пірназар С. Ақынын құрметтеді: Қызылордада ақын А.Сопыбековтың шығармашылық кеші өтті / С.Пірназар //Егемен Қазақстан.- 2007.-25 қыркүйек

   Рахымбекұлы Ə. Айдыныңнан ай көрдім: Ақын А.Сопыбековке арналған өлең / Ə.Рахымбекұлы // Сыр бойы.- 2007. - 21 қырк.

   Сахиев Ф., Ертасов Қ.Балалар ақыны //Коммунизм жолы. – 1987. – 28 ноябрь Сыр ақтарды сыршыл ақын жансарайдан: Ақын А.Сопыбековтың 70 жылдығына арналған кеш өткізілді //Сыр бойы.- 2007.-21 қыркүйек

   Сыры сарқылмас əлем: Ə.Тəжібаев атындағы обл. кітапханада "Кітап апталығы" өтіп, ақын-жазушылар А.Сопыбеков , Ж.Қожабергеновтермен кездесу өтті //Сыр бойы. - 2007. - 19 сəуір


23 апрель 2015 г. 15:04
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x