ТӘЖІБАЕВА АЙМАНКҮЛ 1888 жылы 28 қарашада Қызылорда облысы, Қараөзек стансасында дүниеге келген. Халық ақыны. Көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. 1915 жылы жұбайы Тәжібай қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, басқа да өлеңдері кезінде ауыл арасына кең тараған.
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. Өлең-толғауларынан Сыр бойы ақындарының сарыны, Шығыс поэзиясының әсері байқалады. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан. Отан соғысы жылдарындағы «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары отансүйгіш рухын танытады. А.Тәжібаеваның «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) атты жеке кітаптары жарық көрген. Айманкүл ақын 1952 жылы 28 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды.
Əдебиеттер
Тəжібаева А. Ана дауысы: Өлеңдер жинағы / А.Тəжібаева.- Алматы: Қазақтың Мемлекеттік Біріккен баспасы, 1948.- 80 бет.- (Сирек қор) Тəжібаева Айманкүл //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. Қызылорда қаласына 190 жыл. Қызылорда облысына 70 жыл.- Алматы,2009.-127 б. - (қазақша, орысша, ағылшынша) Тəжібаева Айманкүл //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 497 б Тəжібаева Айманкүл //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 380 б. Тəжібаева Айманкүл //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 299 б. Тəжібаева Айманкүл// Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 602-603 б. Тəжібаева Айманкүл//Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2005. – 476 б. Тəжібаева Айманкүл //Сырдария (Тереңөзек)ауданы: Шежіре /Құраст. Т.Дайрабай. – Алматы: Арыс, 2009. – 193 б. Байсынова Ш. Ақын апа - Айманкүл: Ақын Айманкүл Тəжібаева жайлы / Ш.Байсынова //Ұлт тағылымы.- 2002. - №2. - 92 - 97б Оразбаев О. Айманкүл ақын / О.Оразбаев //Сыр бойы. - 1999. - 6 шілде Хакімжанова М. Ақын ана: Айманкүл Тəжібаеваның туғанына 90 жыл //Қазақ əдебиеті.
- 1979. - 2 февраль
|