ТҮМЕНБАЙ ҚУАНДЫҚ 1955 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, қазіргі Ыбырай Жақаев ауылында туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1991 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты тамамдаған. 1978-1979 жж «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, 1979-1980 жж. «Жалын» баспасында редактор, 1984-1989 жж «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, 1989-1991 жж Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-1992 жж.
«Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары, 1992-1996 жж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, 1996-1998 жж. «Қазақстан» баспасының Бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Ақиқат» журналында бөлім редакторы болды. 2008 жылдан бері «Үркер» газетінің Бас редакторы.
Алғашқы әңгімесі «Қайың сапты кетпен» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінде1974 жылы жарық көрген. Қ.Түменбайдың «Қайың сапты кетпен» (1982), «Жүрдек поезд» (1987), «Каникулды күткен қыз» (1990), «Жігіттің Көктөбесі» (1995), «Қанаты күйген қызғыш құс» (1995), «Сотталған домбыра» (1998), «Көз» (1999), «Жасыл жанып тұрғанда» (2001), «Қой мен қойшы» (2004), «Ар мен дар» (2005) атты прозалық кітаптары жарияланған. Әңгіме, повестерінде Ауған соғысының қасіреті мен қазақ жеріндегі экология мәселесі суреттелсе, көптеген әңгімелерінде эротика, сұлулықтың құпия сырлары ашып көрсетіледі. «Бейкүнәлар» (2004) романында кеңестік дәуірде тәуелсіздікті аңсаған ұлтжанды қазақ азаматының тағдыры суреттелген. Шығармалары араб, орыс, неміс, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Халықаралық «Алаш», «Сорос–Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Əдебиеттер
Түменбай Қ. Ағаш ескерткіш: Хикаяттар мен əңгімелер / Қ.Түменбай.- Алматы: Жазушы, 2008.- 240 б.-(Көркем əдебиет. Проза) Түменбай Қуандық. Жасыл жанып тұрғанда / Қ.Түменбай.- Алматы: Сөздік-Словарь, 2001.- 312 б.-(Отырар кітапханасы) Түменбаев Ж. Жүрдек поезд: Мөлтек повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жалын, 1987. – 128 б. Түменбай Қ. Жігіттің көктөбесі: Хикаяттар мен əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1995. – 248б. Түменбаев Қ. Каникулды күткен қыз: Повестер мен əңгімелер / Қ.Түменбаев.- Алматы: Жалын, 1990.- 320 бет. Түменбаев Қ. Қайың сапты кетпен: Əңгімелер жинағы. – Алматы:Жалын,1982. – 87б. Түменбай Қ. Қобыздың мұңы: Хикаяттар мен əңгімелер / Қ.Түменбай; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 360 б.- (Сырдария кітапханасы) Түменбай Қ.Қой мен қойшы: Хикаяттар,роман, əңгімелер / Қ.Түменбай.- Алматы: Жазушы, 2004.- 320 б. – (Қазіргі қазақ прозасы) Түменбай Қ. Өлілер мен тірілер: Көсемсөз жəне деректі əңгімелер / Қ.Түменбай.- Алматы: КАЗакпарат, 2011.- 380 бет. Түменбай Қуандық //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 517 б Түменбай
Қуандық //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс,
2009. – 400 б.
Түменбайұлы Қуандық //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 315 б. Түменбаев Қуандық //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»ЖШС, 2005. – 500-501 б. Дəулетұлы А. Қуандық Түменбай//Дəулетұлы А. Нұрлы жол. – Қызылорда, 2010. – 110 б. Азаматтық пен ақындықтың аманатын қатар көтерген Қуаныш Уəлішерұлы Түменбаев 50 жаста //Өскен өңір. – 2008. – 30 қаңтар Ақтаев С. Адам атын ардақ тұтқан: Қ.Түменбаевтың шығармашылығы хақында /С.Ақтаев //Жалын.- 2005.- N2.- 21-24б.. Сыр бойы.- 2005. - 28 шілде Ахетов М. Перзент парызы //Ана тiлi.- 2007.- 26 көкек (N17).- 14 б Аязбеков Ж. Рух дертi: Жазушы Қуандық Түменбай прозасының ерекше қырынан бiрер сөз //Қазақ əдебиетi.- 2006. - 7 - 13 сəуiр (N14).- 10 б. Əбдіғұлов Р. Қуандықтың прозасы //Қазақ əдебиеті. – 2010. – 18 маусым. – 10 б. Əлмашев Ж.Мөлтек сырлар: Қ.Түменбаевтың«Жүрдек поезд» кітабына талдау//Ленин жолы. – 1990. – 14 ақпан Əлімұлы А. Шеберлік: Жерлес жазушы Қ.Түменбаев туралы / А.Əлімұлы // Жас Алаш.- 2005. - 23 тамыз Əмiрхан М. Ар-ұят арашашысы: [Қ.Түменбайдың "Жiгiттiң көктөбесi" кiтабының шығуына орай] //Қазақ əдебиетi.- 1998.- 16 қазан (N41).- 11 б. Дуанабай Ж. Қаламнан қалдық қалдырмайтын қаламгері: Жазушы Қуандық Түменбаев туралы / Ж.Дуанабай //Айқын.- 2008. - 8 ақпан. Жетпісбаев М. "Үркер" - жастар жанашыры: "Үркер" əдеби-мəдени журналының бас редакторыҚуандық Түменбаймен əңгіме/ Əңг. М.Жетпісбаев //Сыр бойы.-2009.- 23 мамыр. - 8 б. Жетпісова К. Қаламынан қалдық қалдырмайтын қаламгер: Жазушы Қуандық Түменбаев жайлы / К. Жетпісова //Өскен өңір.- 2012. - 10 қазан. - 2 б. Кəменов Ə. Досты іздейді көңілім: Жазушы Қуаныш Түменбаевқа арналған элегия / Ə.Кəменов // Сыр бойы.- 2008.-26 қаңтар Кəменов Ə. Үш таған: /Қаламгерлер Қ.Түменбаев, Т.Ортаев, Қ.Мырзалар туралы /Ə.Кəменов // Өскен өңір.- 2008.-25 маусым Құрманаев С., Байділда О. «Біз сенімен мақтанамыз»: Жазушы Қ.Түменбаев 50 жаста//Қазақ елі. – 2005. – 24 тамыз Мəжитов М. Ат үстiнен түспейтiн Қуандық: Жазушы Қуандық Түменбайдың "Қой мен қойшы" кiтабы туралы //Ана тiлi.- 2005.- 11 тамыз (N32).- 12 б. Мəжитов М. Серт пен сенім: Жазушы Қуаныш Жиенбайдың "Əн салуға əлі ерте" кітабы туралы / М.Мəжитов //Егемен Қазақстан. - 2009.-20 мамыр.-8 б. Оспан С. Желісті ойдың жампозы: Жерлес жазушы Қ.Түменбаев туралы / С.Оспан//Қазақ əдебиеті.- 2005. - 19 тамыз Сейдімбек А. Оның жазуы өзгеше: Жерлес жазушы Қ.Түменбаев туралы /А.Сейдімбек // Егемен Қазақстан.- 2005. - 1 қырқүйек Тұманбайұлы К. Ащы ақиқат айтылған: [Жазушы Қуандық Түменбайдың "Жасыл жанып тұрғанда" атты кiтабы жайында] //Жас Алаш.- 2002.- 29 қаңтар (N12).- 4 б. Түменбай Қ. "Үркердей" шоқтығы биік шығармалар ғана жарияланады: "Үркер" роман-газеті жарыққа шықты / Қ.Түменбай // Қазақ əдебиеті. - 2008.- 9 мамыр.-2 б. Түменбай Қ. «Ақшамның» ашылуы – шөліркеп ішкен су сияқты əсер қалдырды: Жазушымен сұхбат /Сұхб. Е.Байтілес //Алматы ақшамы. – 2008. – 13 қырк. Түменбай Қ. Қазір поэзиядан гөрі, прозаның жолы ауыр: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Ж.Жамалов //Алтын Орда. – 2008. – 5 наурыз Түменбай Қ. Мен өзім аузымнан
Аллам түспейтін адаммын: Жазушы Қуандық Түменбаймен сұхбат / Қ.Түменбай //Шапағат Нұр.-
2008. - №2. - 4-5б.
|